Өрт-тактикалық оқу-жаттығудың аңызына сәйкес, өтіп бара жатқан адамдар Өскемен қаласындағы көпқабатты үйдің 3-қабатында орналасқан пәтердің терезелерінен шыққан түтінді байқап, "101" нөмірі бойынша өрт сөндірушілерді шақырған. Диспетчер шақыру дәрежесі жоғары ранг бойынша күштер пен құралдарды шақыру орнына жіберді. Келген кезде өрт сөндірушілер барлау жұмыстарын жүргізіп, көмек сұраған адамдарды балконнан тауып алды. Үйдің кіреберісі қатты түтіндеген. Санаулы минут ішінде өрт сөндіру жеңқұбырларын тарқатып, қажетті биіктікке су бере бастайды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Рация бойынша қосымша күштер сұратылады. Өрт сөндірушілер газ-түтіннен қорғаушылар буынын құрап және пәтерлерге жеткен соң қалың түтіннен жану өнімдерінің улы заттарынан қорғайтын арнайы капюшонды пайдалана отырып, адамдарды эвакуациялай бастайды. Орнатылған түтін сорғысының көмегімен түтін сорып шығарылады. Осы уақытта бір мезгілде оқпандар өрт ошағына, үшінші қабаттағы пәтердегі өртті сөндіруге беріледі. 7-қабатта тұратын тұрғындарды құтқару үшін автокөлік сатысы қолданылады, үшінші қабаттың тұтқындары үшін «Өмір кубы» орналастырылады. Жоғарғы қабаттардағы адамдар автоиінді көтергіштермен құтқарылады.
Сонымен қатар, құтқарушылар бөлімшесі азаматтарды эвакуациялауды жалғастыруда. Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетеді. Психологтар зардап шеккендермен жұмыс істейді. Полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршап алды, арнайы техниканың жұмысына кедергі келтіретін автокөліктерді эвакуациялауда. Құтқарылғандардың барлығын ШҚО ТЖД қызметкерлері "ВАХТА" автокөлігіне және уақытша орналастыру пунктіне орналастырады. Жергілікті жерде құрылған штаб құтқарылған адамдардың есебін жүргізіп, әр пәтерді пысықтайды. Шартты өрт 30 шаршы метр аумақта сөндірілді.
ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин атап өткендей, биік үйлер мен ғимараттарды сөндіруде әрбір іс-әрекет нақты пысықталуы тиіс, кез келген қиын сценарийдің дамуын ескерген жөн. Ол үшін осындай жаттығулар өткізіледі.
ШҚО ТЖД Өрт кезіндегі тәртіп ережелерін еске салады:
- Өрт кезінде дереу "101" немесе "112"нөмірлеріне хабарласыңыз;
- Дүрбелеңге салынбаңыз;
- Өрт сөндірушілер келгенге дейін адамдарды эвакуациялау шараларын қабылдаңыз, көршілерге хабарлаңыз;
- Электр қуатын өшіріңіз;
- Баспалдақпен жүріңіз, өрт кезінде лифтті пайдалануға тыйым салынады;
- Егер шығу жолы бөгелген болса, есіктердегі барлық жарықтарды дымқыл шүберекпен жауып, көмекке шақырыңыз, өрт сөндірушілердің қауіпсіз аймаққа келуін күтіңіз (балкон, үйдің шатыры). Еденге еңкейіп, аузыңыз бен мұрныңызды дымқыл шүберекпен жабыңыз.
- Балконда өрт ошағына оттегінің кіруін тоқтату үшін есікті мықтап жабыңыз. Бұл құтқаруға қосымша уақыт береді.