ҚР Мәдениет және спорт министрлігі: аптаның қорытындысы

7491
Фотосурет: ҚР МСМ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті, деп хабарлайды DKNews.kz:

  • Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов дубляж мәселесіне арналған аппарат кеңесінде кассалық фильмдерді қазақ тілінде және көрермендерге қолайлы уақытта көрсетуді қамтамасыз ету туралы тапсырма берді. Министр жыл сайын кем дегенде 15 кинопремьераға қазақ тілінде дубляж жасалуы керек екенін айтты.
  • Асхат Оралов Amanat партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдап, Мәдениет және спорт министрлігінің назарын талап ететін мәселелермен танысты. Кездесу онлайн және офлайн форматта өтті.
  • Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына 25 президенттік стипендия бөлінді.
  • Асхат Оралов қазақтың көрнекті ақыны, ойшыл және ғалымы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығына арналған іс-шараға қатысты.
  • 2023 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанға келген шетелдік турист саны 2,3 есе ұлғайды.
  • Қазақстанға алыс шетелден келген 1 турист орта есеппен 1500 АҚШ доллары көлемінде табыс әкеледі. Нәтижесінде былтыр туристік қызметтен түскен салық мөлшері 389 миллиард теңгеге дейін жетіп, рекордтық нәтиже тіркелді.
  • Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Астананың 28 мектебінде қазақ күресі вариативті пән ретінде оқытылады. Елімізде қазақ күресімен жүйелі түрде айналысатын отандастарымыздың саны 159 мыңға жетті.
  • Соңғы 3 жылда спортпен және дене шынықтырумен айналысатын ерекше қажеттіліктері бар адамдардың саны 25,3%-ға өсті. 2023 жылдың басында бұл көрсеткіш 51 325 адамға жетті.
  • 2023 жылдың басынан ресми халықаралық турнирлерде қазақстандық спортшылар 586 медаль жеңіп алды. Соның ішінде Олимпиадалық спорт түрлері бойынша еліміздің спортшылары 373 жүлдеге қол жеткізді.
  • Қазақстанда спорт күніне орай жүзден астам іс-шара өтеді. Оның ішінде ересектер, балалар, жасөспірімдер мен ерекше қажеттіліктері бар адамдар арасындағы спорттық жарыстар, спорттық қойылымдар, сала ардагерлері мен қызметкерлерін марапаттау рәсімдері, марафондар, көңілді старттар және тағы басқа бұқаралық іс-шаралар бар.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -