Павлодар облысында Музафар Әлімбаевтың 100 жылдығы атап өтілді

18645
Фотосурет: Валерия Бугаева / Павлодар облысының әкімдігі

Мұзафар Әлімбаев «Алатау баурайында», «Менің Қазақстаным», «Балдәурен, шіркін, балалық», «Ақсерек те Көксерек» және тағы да басқа шығармалары ТМД мен шет елдердің 20 тіліне аударылған поэтикалық жинақтардың авторы, деп хабарлайды DKNews.kz.

Музафар Алимбаев. Фото: alashainasy.kz

Қазақстанның тұңғыш әнұранының авторларының бірі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері, Павлодар облысының Құрметті азаматын өзінің туған жері Шарбақты ауданында еске алды.

Салтанатты шараға облыс әкімі Асайын Байханов қатысып, Мұзафар Әлімбаевтың кітаптары мен жеке заттары қойылған көрмеге барды.

- Мұзафар Әлімбаевтың поэзиясы - классиканың үлгісі ғана емес, сонымен қатар, қазақ тілінің басты қазынасы. Ол «Балдырған» балалар журналының негізін қалап, қазақ балалар әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосты. Ақынның өлеңдеріне 200-ден астам ән жазылған және олар бүгінгі күнге дейін көпшілікке танымал, - деп атап өтті облыс әкімі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -