16863
Фотосурет: ҚР ҰҰ «Батыс»

Жыл сайын елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісінде Отбасы  күні мерекесі тойланады. Отбасы адамзат баласы дүниеге шыр етіп келген шағынан есігін айқара ашатын үйі. Қазақ халқы үшін отбасы қашанда киелі болып саналады.

Отбасында әрбір адамның өзіндік рөлі де бар.  Атап айтсақ «әке-асқар тау, ана-баурайындағы бұлақ, бала жағасындағы құрақ». Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген қоғамның діңгегі десекте болады. Отбасында адам өміріндегі жеке қасиеттері жарқырай көрініп бастайды. «Отбасы ол шағын мемлекет» демекші, елімізде айрандай ұйыған тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қазақ отбасылары жетерлік.

Көп жағдайда осы шағын мемлекеттердің  өзінің қағидалары мен ұстанымдары болады. Бүгінде Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы Ұлттық ұланның 5548 әскери бөлімінде  Таджиевтар отбасы қызмет етеді. Бұл  жанұяның ерекшеліктерінің бірі, отбасында Асылхан ағамызда Сәулет анамызда әскери сала мамандары. Әскери саланың мамандары ғана емес майталмандары десекте қателеспеппіз. Отбасы күні қарсаңында Тажиевтер  отбасының қыр-сырларын білу мақсатында отбасының отағасы 5548 әскери бөлімінің аға сержанты Таджиев Асылхан Сатқұлұлымен сұхбаттасқан болатынбыз.

 - Армысыз бүгінгі елімізде аталып жатқан отбасы мерекесі құтты болсын. Отбасы деген әрбір адам үшін қымбат  бағалы дүние, сол себепті әрбір адам отбасын қадірлеп қолдап жүреді. Жалпы сіздің отбасыңыз неше адамнан құралған сол жайында айта отырсаңыз?

- Қайырлы күн! Сіздіде отбасы күнімен құттықтаймын! Әр шаңыраққа бақыт, береке тілеймін. Енді өзімнің отбасыма келетін болсам өмірлік жолдасым Сәулет  екеуміз бүгінгі таңда екі қыз бір ұл тәрбиелеп отырмыз. Үлкен қызым Меруерт, қазіргі таңда Алматы қаласында өнер академиясының 2-курс студенті. Ал екінші қызым Ләйлә, Ақтау қаласында банк саласында 1 курс студенті болып білім алып жүр. Сонымен қатар ең кенже ұлымыз Мұхамеджан мектеп қабырғасында 4 – ші сынып оқушысы.

- Қазіргі кезде сізде сіздің жұбайыңызда әскери сала қызметкерлері екенcіздер, әскери сала қиын сала болғандықтан сіздердің қызметтеріңіз бала тәрбиесіне толық қанды көңіл бөлуге кедергілер келтірмейме?

- Жұбайыммен менің бір салада болуым біздің отбасымызға осы уақытқа дейін ешқандай кері әсерін тигізген жоқ. Иә, әрине бала тәрбиесіне келгенде уақыт жетіспеушіліктер болған кездерде болды, бірақ бұл біз үшін бір үлкен қиындық деп айта алмаймын. Жалпы бала тәрбиесі дегеніміз бейжай қарай салатын дүние емес екендігі бәрімізге мәлім.   Ал тәрбие тал бесіктен емес, құрсақтан басталатынын біз білеміз. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»  дегендей, тәй-тәй басып, есі кіріп бастағаннан-ақ баланы байсалды, тіл алғыш етіп тәрбиелеген дұрыс деп ойлаймын. Ал әскери  қызметке келер болсақ,  әскери қызмет бала тәрбиесіне бейжай қарауға негіз емес.   

- Біз барлығымыз білеміз әрбір үйдің, әрбір отбасының бала тәрбиесіне келгенде ұстанатын ұстанымдары немесе қағидалары болады. Ал сіздің отбасыңызда бала тәрбиесіне қатысты белгілі бір ұстанымдар немесе қағидалар бар ма?

- Қазіргі кезде бір ұл екі қыз тәрбиелеп отырған жайымыз бар. Бала тәрбиесіне келгенде отбасымызда қатып қалған қағида мен ұстанымдар жоқ. Ұл тәрбиесіне келгенде қаталдау болып, қыз тәрбиесіне жұмсақтау қарайтын жайымыз бар. Отбасы деген бір кішкентай мемлекет деп ойлаймын, оның ішінде татулықпен береке орнату ата-ананың тікелей міндеті деп білемін. Ал сол отбасындағы балалардың ақылды, тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі өзара сөйлесіп, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Отбасының берекелді, бақытты болуы әр жанұяның өз қолында деп білемін.        

- Қазір отбасыңызда  бір ұл тәрбиелеп отыр екенсіз. Өзіңізде жұбайыңызда әскери салада болған соң, осы кенже ұлдарыңыз Мұхамеджан сіздердің  іздеріңізбен жүріп әскери саланы таңдауын қалайсыздарма?

- Алла қаласа ұлымыз ержеткен шағында біз мамандық таңдаудан ешқандай шектеу қоймаймыз. Себебі әрбір бала өз мамандығын өз қалауы бойынша таңдау керек. Иә, әрине ата-анасын үлгі етіп, біздің жолымызыды басып, артымыздан еріп әскери саланы таңдап жатса біз өте қуанышты боламыз. Қай саланы таңдасада балдарымның өз жерімізде білім алып, елімізге, өз жұрттымызға қызмет еткенін қалаймын. Бұлай айтқан себебім қазіргі кезде жастардың бір бөлігі шет елдерде оқып, сол елдерде қалып қойып жатады. Бұдан ешқандай Отанға деген құрмет, ізгі ниет байқалмайды. Сондықтанда мен өз балаларымды өзінің отбасын қалай қадірлесе, дәл салай Отанды да қадірлеп, қолынан келгенше өз Отанының дамуына азда болса үлесін қосса димін.      

- Кез келген отбасының сүйікті мерекесі болады. Ал сіздерде отбасыңызбен бірге атап өтетін айрықша мерекелер тізімі қандай?

- Енді жұбайым екеумізде әскери салада қызмет еткендіктен ең айрықша мереке біз үшін 7- мамыр отан қорғаушылар күні дер едім. Бұл мерекені біз жыл сайын кең көлемде атап өтеміз. Дәл осы күні отбасымызбен бірге әскери киім киіп алаңдарға, саябақтарға шығып ерекше атап өтуге тырысамыз. Осы күндері балдарыма әскери киімді кигізуде бір үлкен тәрбие деп білемін. Себебі менің кенже ұлым әскери форманы кию арқылы патриоттық сезімі оянып, әке өскенде менде анам екеуіңіз секілді «Солдат» боламын деп айтатын кезі аз емес.   

Құрметті Асылхан Сатқұлұлы, алтындай уақытыңызды бөліп осындай  сұхбатыңыз үшін сізге мыңда бір алғыс білдіремін. Сіздердің отбасыларыңызға бақыт береке, ел үшін атқарып отырған қызметтеріңізге табыс тілеймін.

«Отбасы –қуат, отбасы –шуақ» деп білетін  ұлтымыз отбасы құндылығын әрқашанда бірінші орынға қойған. Бүгінгі сұхбатымыздың кейіпкерлері қиын сала мамандары болсада, отбасындағы бірлік пен ынтымақтастықты берік сақтау үшін аянбай еңбек етіп жүрген жандар.

Ал біз, бүгінгі әңгімемізді қортындылай келе барша Қазақстан халқын отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әр отбасыға бақыт, береке, мінсіз отбасылық қарам-қатынас тілейміз.

Әубакир Ертуған,

ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің бастығы  

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -