Павлодардың үздік шахматшылары

286
Фотосурет: ҚШФ

Павлодарда ең үздік әуесқой шахматшылар анықталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Павлодар 24 қыркүйекте «Шахмат керуенін» қарсы алды. Керуеннің келу құрметіне арналған салтанатты шара Ertis Promenade алаңында өтті.

Ауқымды жоба 10 қыркүйекте бастау алып, Көкшетау, Петропавл, Қостанай және Қарағанды қалаларын қамтыды. 10 қарашаға дейін еліміздің барлық облысын аралап шығатын керуеннің басты мақсаты – өңірлерде шахмат қозғалысын насихаттау.

Жоба бас серіктес Freedom Broker компаниясының қолдауымен жүзеге асырылуда. Оның идеясы саудамен қатар, халықтардың мәдени және спорттық мұрасын тасымалдаған Ұлы Жібек жолына негізделген.

Керуеннің келуі аясында Қазақстан шахмат федерациясының Павлодар облыстық филиалы ашылды. Оның төрағасы болып кәсіпкер Артур Шпейзер тағайындалды.

«Қазақстан әлемдік аренада өте жақсы танылып жатыр. Соңғы 12 айдың өзінде елімізде үш рет әлем чемпионаты, Азия чемпионаты және бірнеше ірі халықаралық турнир өтті. Біз шахмат қозғалысының әр өңірде дамығанын қалаймыз. Павлодар халқы үшін де шахмат – маңызды спорт түрлерінің бірі» Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Александр Бабенко

Алаңда тігілген мобильді киіз үйде гроссмейстермен бір реттік ойын сеансы және шахмат турнирі өтті.

Турнир жеңімпазы 33 жастағы кәсіпкер Бақыт Джанғабілов болды. Ол 10 жасынан бастап шахматпен айналысқан. Бақыттың айтуынша, шахматта теориялық және физикалық дайындық маңызды және ол зейінді жинақтауға көмектеседі.

«Шахмат интеллектті қалыпта ұстауға көмектесіп, табандылық пен қиялды дамытады. Турнирдегі қарсыластар батыл, жас және өте шапшаң екен. Сондықтан қарсыласу қиын болды, бірақ мен өз стратегиямды қолдандым. Соның нәтижесінде жеңіске жеттім» Бақыт Джанғабілов

Турнирде Сүлейман Ахмет екінші, Натан Кертаев үшінші орын алды. Жүлделерді халықаралық гроссмейстер Нұрлан Ибраев тапсырды.

Облыстық турнирдің жеңімпазы мен жүлдегерлері 10 қараша күні Түркістанда өтетін гранд-финалға жолдама алды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -