Астанадағы отбасылық эстафета: шабыттандыратын үздік отбасылар

5753
Фотосурет: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласында дәстүрлі отбасылық институтты насихаттау, отбасы құндылықтарын түсіндіру, отбасылық қатынастарды нығайту бойынша әлеуметтік желідегі отбасылық байқауының марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Марапаттау рәсімі «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында өтті. Іс-шара Жастар саясаты мәселелері басқармасы қолға алған «Отбасы – бақыт мекені» неке және отбасы институтын нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешені аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Отбасылық эстафетаға 35 жасқа дейінгі елордалық жас отбасылардан 50-ден аса өтінім түсті.

Жеңіске жеткен үздік 20 жеңімпаз отбасы: Әбілдин, Айтпаев, Әселбеков, Әбдірайым, Есенханұлы, Жақсымбет, Жүнісбаев, Құлмырзаев, Қайрат, Қайыртаев, Мәдениет, Нұралин, Нұрғалиев, Паизов, Садыков, Срайыл, Сүлеймен, Тілегенов, Құрметбек, Юсупов. Бұл отбасыларға ақшалай қаражат, диплом, арнайы гүл шоқтары мен мүсіншелер тапсырылды.

Әлеуметтік желідегі отбасылық байқауынының марапаттау салтанаты Республикамызға белгілі қоғам қайраткерлері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Башимов, Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі, «Бақытты отбасы» республикалық оқу орталығының басшысы Ырза Тұрсынзада, Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының Жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы – Ажар Саргубенова секілді мамандардың қатысуымен өтті.

Алдағы уақытты «Отбасы – бақыт мекені» неке және отбасы институтын нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенінде жас отбасылар арасында мәдениет, ұлттық дәстүрлер мен адамгершілік құндылықтар негізінде неке және отбасы институтын нығайтуға бағытталған «Үздік жас отбасы» конкурсына қатысу мүмкіндігіне ие болады. Белсенді жас отбасылар жоба сонында бағалы және пайдалы сыйлықтармен марапатталады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -