Достық-Мойынты теміржол учаскесін ауқымды кеңейту

271

Достық Мойынты теміржол учаскесінде екінші жол салу үшін ҚТЖ 108 мың тонна рельс, 1500 мыңнан астам темірбетон шпалдар жиынтығы мен рельсті бекіткіштер сатып алады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Отандық кәсіпорындарда өндірілетін жолдың жоғарғы құрылысының құрамдас бөліктері Жарық, Ақтоғай, Орта-Дересін, Жақсыбұлақ станцияларында орналасқан уақытша буын құрастыру базаларына жеткізіледі. Базаларда теміржол кранының көмегімен рельсті шпал торлары жиналады.

Арнайы платформалардағы дайын торлар қойма базаларына жіберіледі, ал жер төсемінің дайындығы бойынша төсеу орындарына жеткізіледі. Бүгінгі таңда шамамен 170 км жол торы дайындалды

Бүгінде жолдың жоғарғы құрылысын монтаждау Мойынты Бүйрек, Бүйрек Сарықұм, Сарықұм Көкдомбақ, Ақжайдақ Ащыөзек, Саяқ 1-ші рзд, Көкдомбақ-Балқаш 1 аралықтарында жүргізілуде.

Жалпы, 836 км екінші жолдың құрылысы кесте бойынша жүріп жатыр. Жұмыстар 600 км астам учаскеде жүргізілуде Жасанды құрылыстар салынуда, су өткізгіш құбырлар орнатылуда.

Жобаны 2025 жылға дейін аяқтау жоспарлануда. Екінші жолдың 836 шақырымы Достық Мойынты жүк жүктемесі басым учаскесінің өткізу қабілетін 5 есеге арттырады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -