Бұрынғы министр Дархан Қыдырәлі Сенат депутаты болып тағайындалды

4367
Фотосурет: Gov

Дархан Қыдырәлі Парламенті сенатының депутаты болып тағайындалды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты болып тағайындалды" Ақорда

Мемлекет басшысының тағы бір жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты Асқар Оразалыұлы Шәкіровтің өкілеттігі тоқтатылды.

Дархан Қыдырәлі 1974 жылы дүниеге келген. Стамбул университетін бітірген. Тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі.

Еңбек жолын 2000 жылы Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде аға ғылыми қызметкер болып бастады. Осы университетте тарих кафедрасының жетекші ғылыми қызметкері, аппарат жетекшісі, доцент қызметтерін атқарды.

2005-2006 жылдары Дүниежүзі тарихы, археология және этнология кафедрасында доцент міндетін атқарушы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық университетінің аға ғылыми қызметкері болды, Қазақстан Республикасы Президентінің Мәдениет орталығы директорының кеңесшісі, директордың орынбасары, Білім және ғылым министрінің кеңесшісі, Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің сарапшысы, Президенттің баспасөз қызметі секторының меңгерушісі, Президент баспасөз хатшысының орынбасары болды.

2012-2014 жылдары Түркі мемлекеттері кеңесі Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарған. 2014 жылы Халықаралық Түркі академиясының президенті болып тағайындалды.

ІІ дәрежелі Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.

2016 жылдың шілдесінен 09.02.2022 жылға дейін – "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" АҚ басқарма төрағасы.

2022 жылдың қыркүйегінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігін басқарды. 2023 жылғы 4 сәуірде осы қызметке қайта тағайындалды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -