Қазақстан тоғызқұмалақтан оқушылар арасындағы әлем чемпионатында үстемдік етеді

407
Фотосурет: Алматы әкімдігі

Алматыда қаласында тұңғыш рет ұйымдастырылған тоғызқұмалақтан оқушылар арасындағы (U-15, U-17) әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

21-24 қыркүйек аралығында ойыншылар рапид және блиц түрлерінен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Қазақстан командасы сегіз алтын медальмен жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.

Тоғызқұмалақтан мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионатына он жеті елден (Чехия, Монғолия, Түркия, Бангладеш, Испания, Колумбия, Пәкістан, Венгрия, Өзбекстан және т.б) екі жүзге жуық спортшы қатысты. Жарыстың жалпы жүлдеқоры 8 миллион теңгені құрады.

Әлем чемпионатының қорытындысын назарларыңызға ұсынамыз:  

Рапид:

U-15 - Ұлдар

  1. Махмутжан Әзімхан (Қазақстан)
  2. Лес Зауытбек (Қазақстан)
  3. Нурел Султашев (Қырғызстан)
  4. Орландо Гвидо Вергель Бенитес (Колумбия)

U-15 - Қыздар

  1. Айдана Молдабек (Қазақстан)
  2. Бахииана Тургуналиева (Қырғызстан)
  3. Еркежан Асанкулова (Қырғызстан)
  4. Мадина Есқайыр (Қазақстан)

U-17 - Ұлдар

  1. Ернұр Батыр (Қазақстан)
  2. Надир Ахметов (Қазақстан)
  3. Баимбет Сейдахматов (Қырғызстан)
  4. Алехандро Даниэл Хирон Чилито (Колумбия)

U-17 - Қыздар

  1. Аяна Исахан (Қазақстан)
  2. Балнұр Тілегенова (Қазақстан)
  3. Айана Турганалиева (Қырғызстан)
  4. Александра Жаворонкова Амиго (Испания)

Блиц:

U-15 - Ұлдар

  1. Сапар Тамерлан (Қазақстан)
  2. Есентай Арсен (Қазақстан)
  3. Лес Зауытбек (Қазақстан)
  4. Махмутжан Әзімхан (Қазақстан)

U-15 - Қыздар

  1. Виктория Белицкая (Қазақстан)
  2. Альбина Есмұхан (Қазақстан)
  3. Назира Қуатжанқызы (Қазақстан)
  4. Жанель Құрманғалиева (Қазақстан)

U-17 - Ұлдар

  1. Әділет Бекмахан (Қазақстан)
  2. Айдын Жақиев (Қазақстан)
  3. Қайрат Тұрарбек (Қазақстан)
  4. Салахаддин Агитаев (Қазақстан)

U-17  - Қыздар

  1. Самира Оразмұханбет (Қазақстан)
  2. Аяна Исахан (Қазақстан)
  3. Айым Әлібекқызы (Қазақстан)
  4. Ақжібек Манарбекқызы (Қазақстан)
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -