Құрлық әскерлерінің жаңа бас қолбасшысын Қорғаныс министрі таныстырды

1266
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының жеке құрамына жаңа бас қолбасшы генерал-майор Асан Жүсіповті таныстырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Естеріңізге сала кетейік, ел Президенті тағайындау туралы тиісті Өкімге бір күн бұрын қол қойған болатын.

Қорғаныс министрі генерал-майор Асан Жүсіповтың құрамалар мен әскери бөлімдерді басқарудағы бай тәжірибесін атап өтті.

Асан Қуанышұлы Қазақстан әскерінде училище курсантынан ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасарына дейінгі жолдан өтті. Әскери бөлімдер мен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығын басқарып, жақсы нәтижелерге қол жеткізді Генерал-полковник Руслан Жақсылықов

Құрлық әскерлерінің жаңадан тағайындалған бас қолбасшысы Алматы жоғары әскери училищесін «Командалық тактикалық дөңгелекті машиналар» мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Құрлық әскерлерінің өңірлік қолбасшылықтарында жауапты қызметтер атқарды.

2003 жылы ҚР ҚК Әскери академиясын, 2015 жылы Ұлттық қорғаныс университетін «Әскери және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -