Зақымдалған монеталар мен банкноттарды қалай айырбастауға болады: Ұлттық Банктің кеңестері

5709
Фотосурет: Устинка LIVE

Қазақстан Ұлттық Банкі тозған банкноталар мен зақымдалған монеталар заңды төлем құралы болып қала беретінін ескертеді. Оларды екінші деңгейлі барлық банкте, ҚҰБ филиалдарында және ұлттық пошта операторы «Қазпошта» АҚ-да номиналды құнына сай айырбастауға болады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ұлттық валютаның зақымдалған төлем ақша белгілері ҚҰБ филиалдарында тегін айырбасталады және сомасына шектеу қойылмайды. Дегенмен, екінші деңгейлі банктер өздерінің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес, қызметтің бұл түріне комиссия ұстауға құқылы екенін ескертеміз.

Қосымша хабарлай кетейік, ҚҰБ филиалдарының мекен-жайы мен байланыс деректерін ресми сайтта «Аумақтық филиалдар» бөлімінен табуға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -