Президенттік Жастар кадрлық резерві: өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні

9295
Фотосурет: Akorda

Президенттік жастар кадр резервінде іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау аяқталғанға дейін аз уақыт қалды: өтінімді 2023 жылғы 30 қыркүйек сағат 23:59-ға дейін pkrezerv.gov.kz сайтында беруге болады.

Резервке іріктеу 2023 жылдың 1 қыркүйегінде басталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оған кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі және мемлекеттік тілді B1 деңгейінен төмен емес меңгерген, 35 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Үміткерлерге мемлекеттік тілді білуге арналған тестілеуден өту үшін Qazaq resmi Test (онлайн) промокодын алу 2023 жылғы 30 қыркүйек сағат 13.00-ге дейін, тестілеуді тапсыру сағат 17.00-ге дейін қолжетімді.

Іріктеу шарттары бойынша үміткерлер 30 қыркүйекке дейін барлық құжаттарды жүктеуді аяқтап, 1 қазанда өтетін іріктеудің кезеңі – «Тестілеу – мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауға» жазылуы қажет.

Тестілеуге жазылу ағымдағы жылғы 30 қыркүйек сағат 23:59-ға дейін ашық болады. Тестілеу прокторинг жүйесін қолдана отырып, онлайн режимде өтеді, сондай-ақ аудио және бейнежазбамен сүйемелденеді.

Үміткерлерге жұмыс орнынан тұрып кетуге немесе біреумен келіссөздер жүргізуге, өзімен бірге қабылдаушы-беруші электрондық құрылғыларды (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарды), құлаққаптар, қағаз жеткізгіштердің болуына тыйым салынады.

Сондай ақ қатысушылар өз тарапынан қамтамасыз етуі қажет:

  • Chrome браузері бар компьютер/ноутбук;
  • тұрақты және жылдамдығы кемінде секундына 5 мб интернет;
  • жұмыс істейтін веб-камера, микрофон және жеткілікті деңгейде көрінуге мүмкіндік беретін жарық болуы;
  • бөгде дыбыстың/шудың болмауы.

Мәтіндік тестілеуден өту мәселелері туралы бейненұсқаулықпен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://pkrezerv.gov.kz/blog

Тестілеу мәтіннің ұсынылған бөлігін зерделеуге және оның мазмұны бойынша жауап нұсқаларының бірін таңдауға арналған 25 тест тапсырмасын тұрады. Тестілеу ұзақтығы – 25 минуттан аспайды.

Нәтижелерді есептеу тестілеу аяқталғаннан кейін компьютер мониторында көрсетіле отырып автоматты түрде жүзеге асырылады. Жиналған ұпайлар жеке кабинетте «хабарламалар» бөлімінде көрсетіледі.

Үміткерлерді бағалау нәтижелері олардың жеке кабинеттерінде және pkrezerv.gov.kz сайтында орналастырылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -