Генерал-майор Қайрат Үмбетов «Батыс» өңірлік қолбасшылығында жауынгерлік қызметпен танысты

17721
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Халық Қаһарманы генерал-майор Қайрат Үмбетов «Батыс» өңірлік қолбасшлығына жұмыс сапары аясында 5517 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесіп, ҚАЖ мекемелерін күзету бойынша ұландықтардың жауынгерлік қызмет атқару барысымен танысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ең алдымен құқытық тәртіп әскерінің  Бас тәрбиешісі генерал-майор Қ. Үмбетов 5517 әскери бөлімінің жеке құрамымен сұхбат өткізді. Шара үш бөлімнен тұрды. Бірінші болып өңірлік қолбасшылық және әскери бөлім офицерлері клубта жиналды. Халық Қаһарманы жеке құрамды тәрбиелеуде офицерлердің орны мен рөлі туралы айтып өтті. Сондай-ақ,  өңірде заңдылық пен тәртіпті сақтау бойынша ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының талаптарын жеткізді. Әскердің темірқазығы офицерлер екенін, олардың қызмет атқаруынан барлық жауынгерлік-қызметтік әрекет байланысты екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, кейбір басшылық құжаттар бойынша сұрақтар қойды.

Екінші бөлімде әскери бөлімнің келісімшарт негізіндегі әскери қызметшілерімен сұхбаттасу өтті. Сержант, яғни бөлімше командирлері басшылықтың бірінші көмекшілері турасында әңгіме өрбіді. Сарбаздардың жауынгерлік даярлығы мен басшылық тарапынан қойылатын тапсырмаларадың сапалы орындалуы сержанттық құрамның қызмет атқару барысына байланысты екені сөз етілді. Сондай-ақ, әскердің Бас тәрбиешісі мемлекет тарапынан әскери қызметішілерді әлеуметтік тұрғыдан қорғау шараларын айтып өтті.

 "ҚР Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан басшылығы әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуына аса көңіл бөледі. Мемлекет тарапынан әскерилердің қолдау бойынша бірқатар шаралар қолға алынды. Жоспарға сәйкес, келесі 2024 жылы әскери қызметшілердің жалақысын көтеру жоспарлануда. Соның ішінде келісішарт әскери қызметшілердің жалақысы максималды түрде көтеру жоспарда бар. Сіздердің еңбектеріңіз лайықты бағаланады. Сондай-ақ, Сіздердің тарапынан да қызметке бар ынтамен берілу талап етілед" Генерал-майор Қайрат Үмбетов

Үшінші бөлімде қатардағы жауынгерлермен кездесу өтті. Бас тәрбиеші сарбаздармен кездесу кезінде Отан қорғау ісіндегі патриоттық тәрбиеге аса көңіл бөлінетінін айтты. Әр сарбаз Жарғыға сай қызмет атқарып, керек кезде ел үшін ерлікке дайын болуын баса айтты.

"Отан сіздерге үлкен сенім артады. Ата-бабамыздың ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған кең-байтақ жерін сақтау Сіздерге берілген үлкен жауапкершілік, сонымен қатар үлкен абырой. Қызметтеріңізді абыроймен атқарып, үйлеріне аман-есен оралуларыңызды тілеймін" Халық Қаһарманы генерал-майор Қайрат Үмбетов

Кездесу соңында үздік әскери қызметшілерге алғыс жарияланып, марапат берілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетов өз қолымен 11 әскери қызметшіге марапат тапсырды. Соның ішінде, 3 офицер, 3 келісімшар және  5 сарбаз озық сарбар марапатталды.

Кездесуден кейін, генерал-майор Қ. Үмбетов ҚАЖ мекемеріндегі жауынгерлік қызметпен танысты. Қаруыл және бақылаушылардың жай-күйлері, қызмет атқару жағдайы баяндалып, жеткізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -