Ұлттық рухты қалыптастыру – патриоттық тәрбиеде

11616
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Өскелең ұрпақтың Отанына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу мәселесі бүгінгі таңда маңызды болып отыр. Патриоттық тәрбиенiң барлық жүйесiн ұйымдастыруды, оның жұмыс iстеуiн және бақылауды қамтамасыз ететiн негiзгi институт мемлекет болып табылады. Жастарды патриоттық тәрбиелеу — Қазақстан Республикасының өтпелі кезеңдегі және ұзақ мерзімді перспективадағы мемлекеттік жастар саясаты бағыттарының бірі.

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы тарапынан Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қорғауда азаматтардың конституциялық құқықтарын меңгеруге, Қазақстан Республикасы әскери құрылымдарының, оның ішінде Ұлттық ұланының құрылу мақсаты мен сипатын, әскери іс пен азаматтық қорғаныс негіздерін ұғынуға, жас жауынгер дайындығы деңгейінде қажет білім мен практикалық дағдыға ие болған болашақ ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеуге ерекше мән беріліп отыр.

Осы бағытта Тараз қаласындағы 5513 әскери бөлімінде көптеген игі іс-шаралар атқарылуда. Атап айтқанда, 2023 жылдың 27 қазаны ҚР Ұлттық ұланының 5513 әскери бөлімі мен Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Байзақ ауданының білім бөлімінің №6 Бурыл орта мектебімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, «Жас бүркіт» әскери – патриоттық сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты іс – шара барысында 5513 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік – құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Кансеитов Бауыржан Бекзатұлы оқушыларға Ұлттық ұланның тағылымға толы тарихы мен әскердің батыр ұлдары туралы ақпараттық сағат өткізді.

Бауыржан Бекзатұлы: «Қазақстан Республикасының Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев идеологиялық жұмыстың, атап айтқанда, азаматтардың бойында қазақстандық патриотизм мен жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудің маңыздылығын атап өтті. «Жастар – біздің үмітіміз және жарқын болашағымыз» деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру ісін жетілдіру, өскелең ұрпақтың бойында Отанды қорғаумен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру күн тәртібінен түскен емес. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы мектептер, колледжер және жоғары оқу орындарымен өте тығыз қатынас орнатуда. Себебі осы оқу орнындарының түлектерінің белгілі бір пайызы біздің ҰҰ қатарында мерзімдік қызмет өткеретіні бәрімізге мәлім. Болашақтағы қызметке дайындық ретінде «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубтарды ашудамыз. Бұл «Жас бүркіт» әскери -патриоттық клубында оқушыларды отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеп, сарбаздардың өмірін, жауынгерлік атқаратын қызметін көрсетіп, болашақ қызмет атқару барысында ер жігіттің басына түсетін қиындықтарды оңай еңсеруге үйретеді. Болашағын әскермен байланыстырам деген оқушыларға әуел бастан қолдау көрсетіліп, олардың барлық ерік-жігерін ашу біздің қолымызда. Біздің әскери бөлім қоғамдық мәселелерге, жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеуде үнемі белсенділік танытып келеді. Әскери патриоттық сынып оқушыларымен түрлі әскери-патриоттық акциялар, ерлік сабақтарын, түрлі спорттық, танымдық іс-шаралар ұйымдастырып келеді.» - деп сөзін түйіндеді.

Салтанатты іс-шара соңы 5513 әскери бөлімінің әскери оркестрінің ұйымдастырған әдемі ән кешімен аяқталды.

Оқушылар жас жеткіншектердің отаншылдық сезімін дамытуға тәрбиелейтін «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубының мүшелегіне өткеніне мәз мейрам болды. Алған әсерлерімен бір бірімен бөлісіп, Ұландықтарға алғысын жаудырды.

Мектеп әкімшілігі жас жеткіншектердің осындай клуб, үйірмелердің жұмысына белсене қатысуы олардың болашақта өз Отанын сүйетін патриот азамат болып қалыптасуына жол ашатынын алға тартып, «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубының жұмысына сәттілік тіледі.

Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтықпен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық деген, ерлік деген ұрпақтан ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы-тұл, келешегі-тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы — батыр халық».

Олай болса, Отанымыз аумағының бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез келген сыртық және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді.

Ұрпағын өз халқының патриоты етіп тәрбиелеу - қай халықтың болса да тәрбиелеу жүйесінің негізгі талаптарынын бірі. Ал біздің халқымызда бұл талап әрдайым жоғары болған. Ата - бабаларымыз кең далада өмір сүрген де, сондықтан оларға «Атамекен, туған жер» ұғымы - әрдайым қастерлі де қасиетті ұғым. Бұл қасиеттер ұрпақ бойына оқумен, біліммен, үйренумен, талпынумен бітеді. Патриоттық рухта өсуін қамтамасыз ету жан – жақты қарастырылған. Онда жастардың саяси белсенділігін арттырып, қоғам өміріне араласуына жағдай жасайтын түрлі шаралар көзделген.

Қандай мемлекеттің де ертеңі еңселі болуы, болашақ жастарға байланысты. Сондықтан біздің басты міндетіміз – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды игеруге қабілетті, ғылым мен тәжірбие жүзінде терең білім ала отырып, жеке тұлға болып қалыптасуға дайын ұрпақ тәрбиелеу. Жастарымыздың бойына елжандылық, азаматтық, жоғары ізгілік пен адамгершілік сезімдерді жан-жақты жетілгенде ғана Қазақстандық патриотизм сезімі асқақтай түседі. Ендеше, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім мен адамгершілік тәрбиені қалыптастыруға жұмыла атсалысайық!

Тараз қаласы

5513 әскери бөлімі

Сержант Әзімхан Салтанат Оразбекқызы

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -