Патриоттық сананы қалыптастыру: Ұлттық ұлан мен білім министрлігі Меморандумға қол қойды

13750
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығы арасында ынтымақтастық туралы екіжақты меморандум жасалды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталған орталыққа Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетов арнайы барып, екіжақты ынтымақтастық жайын талқылады. Кездесу барысында генерал-майор Қайрат Үмбетов пен Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шер ортақ меморандумға қол қойды.

"Бұл маңызды стратегиялық байланыс жасөспірімдердің бойындағы патриоттық сезімді оятып, өз Отанына деген сүйіспеншілікті арттыруды көздейді. Сондай-ақ жастарды азаматтық борыш пен Отан мүддесін қорғау жөніндегі конституциялық міндеттерді орындауға бейімдеуге бағытталған" Генерал-майор Қайрат Үмбетов

Ендігіде екі серіктес педагогтар мен мамандар, әскери-патриоттық клуб басшылары үшін ұйымдастырылатын іс-шараларды, вебинарлар мен шеберлік сыныптарын, біліктілікті арттыру курстарын бірлесіп өткізетін болады. Сонымен қатар тәжірибе алмасу жиындары да тұрақты өткізіледі.

"Ортақ келісімнің нәтижесінде Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының көмегімен әскери-патриоттық бағытты дамыту мәселелері бойынша байқауларды, ойындарды, конференцияларды, дөңгелек үстелдерді және өзге де іс-шараларды бірге ұйымдастыруды қолға аламыз. Өткізетін немесе іске асқан іс-шаралар туралы ақпараттармен де алмасып отырамыз. Осындай тығыз ынтымақтастық қай тарапқа болмасын пайда әкелетініне сенімдіміз" Раиса Шер

Айта кетейік, 2023 жылы «Жас Бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысына 20 жыл толады. Бұл патриоттық қозғалысқа республиканың 59 мектебі мен 3 колледжінің білім алушылары тартылған.

Бүгінде 2044 балаға арналған 108 сыныпта Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының офицерлері сабақ өткізеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -