Әскери құтқарушы: қала орталығындағыаг актісі

7205
Фотосурет: Gov

Қарулы күштердің әскери қызметшiсі жанып жатқан көліктен адамды аман алып шықты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аға сержант Мейрамбек Ысқақовтың осындай батыл әрекетінің нәтижесінде Астана қаласы Т. Жүргенов атындағы көшеде тұрған көліктің жүргізушісі аман қалды. 

2023 жылдың үшінші желтоқсанында кешкі уақытта Мейрамбек Ысқақов дүкенге шыққан. Жанып жатқан автокөлікті көрген әскери қызметші оқиға туралы елордадағы Төтенше жағдайлар департаментінің 101 орталығына шұғыл хабарлайды. 

Дереу қимылдаған әскери қызметші жанып жатқан көліктің ішінде адам бар екенін аңғарып, оны қауіпсіз жерге алып шығады.  

Бұл уақытта ер адам есінен танып қалады. Алғашқы медициналық көмек көрсеткен Мейрамбек азаматты оқиға орнынан келген жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырады. Жүргізуші № 1 қалалық ауруханаға жеткізілді. 

Айта кету керек, әскери қызметшінің әрекетіне өтіп бара жатқан азаматтардың бірі де атсалысыпты.

Мейрамбектің батыл әрекеті туралы хабарлама көптеген ақпараттық ресурстарға тез арада таралды. Мейрамбек Ысқақов взвод сержанты – 68665 әскери бөлімінің жауынгерлік және дене шынықтыру нұсқаушысы. Жұбайы екеуі Самира және Лунара есімді қыздар тәрбиелеп өсіріп отыр.

Жоғары қолбасшылық әскери қызметшіні марапатқа ұсынды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -