Гвардиялық құрмет: әскери бөлімнің 25 жылдық қызметі мен адалдығы

16731
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Атаулы күнді мерекелеу рәсіміне «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшылығы, әскери бөлімнің ардагерлері мен жеке құрамы, сондай-ақ оңтүстік астананың өзара іс-қимыл жасайтын органдарының өкілдері қатысты.

- Біздің әскери бөлімнің әскери қызметшілері күн сайын жауынгерлік қызметке, қоғамдық іс-шараларға қатысады, Алматы қаласының сегіз шағын ауданында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді. Осы мереке күні  әскери бөлімнің аға буыны да қатарда тұр. Олар әскери ұжымның бірлігінің үлгісін көрсете отырып, іргетасын қалады, - деп атап өтті бөлім командирі полковник Бақдәулет Оспанбеков.

Әскери бөлімнің Ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы майор Берік Алмағамбетов бөлімнің қалыптасуы мен дамуы туралы естеліктерімен бөлісті. Бөлімнің қалыптасуы кезінде қандай қиыншылықтарды бастан өткергенін атап өтті. Бірақ Ұлттық ұланның басшылық құрамы мен сертке берік әскери қызметшілерінің арқасында осы күнге жетіп отырғанын тілге тиек етті.

Іс-шара грамоталар мен алғыс хаттарды табыстаумен жалғасты. Қызметтегі жетістіктері мен Отанға жанқиярлықпен қызмет ету жолындағы еңбегі үшін бірқатар әскери қызметшілер мен әскери бөлімнің ардагерлері өзара іс-қимыл жасайтын органдар мен әскери бөлім командирінің атынан марапатталды.

Шара соңында қатысушылар мен қонақтарға әскери дирижер запастағы майор Елена Евстратенко бастаған «Генерал» шығармашылық ұжымы ұйымдастырған мерекелік концерт ұсынылды.

Салтанатты іс-шара ұжымдық суретке түсумен аяқталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -