Қазақстан Ұлттық Банкі Ұлы Жеңіс құрметіне естелік монеталарды таныстырды

1452
Фотосурет: Sputnik / Владислав Воднев

Ұлттық Банк ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Ұлттық Банкі (ҚҰБ) «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.

Монеталар сатуға шығарылатын күнге қатысты ақпарат ҚҰБ ресми сайтында қосымша хабарланады.

ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ коллекциялық монеталары туралы

ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ монеталарында Отан қорғаушылардың ерлігі мен жанқиярлық рухына деген терең құрметтің белгісі бар. Бұл монеталар Ұлы Жеңіс туралы тарихи оқиғаны мәңгі есте сақтап, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында шығарылып отыр. Монеталар атаулы датаға арналған мәдени әрі тарихи мұраны сақтау жолындағы ұмтылысты паш етеді.

Монеталарда ерлікпен қаза тапқан қаһармандарды еске түсіретін мәңгілік алау көрініс тапқан. «80» санындағы ою-өрнек жеңіс лентасын бейнелейді және ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы элементтерімен үндесетін стильде орындалған.

Монеталар:

  • алтын жалатылған 925 сынамды күмістен жасалды, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, түрлі түсті баспа технологиясы қолданылған, дайындау сапасы – «proof», номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 2 000 (екі мың) дана;

Номиналы 000 теңгелік монетаның бейнесі  

  • нибрасс/нейзильбер қоспаларынан (биколорлы) жасалды, массасы – 7,5 грамм, диаметрі – 26 мм, дайындау сапасы – «uncirculated», номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 10 000 000 (он миллион) дана.

Номиналы 200 теңгелік биколорлы монеталар Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста бар монеталармен бірге еркін айналымда болады.

Номиналы 200 теңгелік монетаның бейнесі  

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банктік шоттарға есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға міндетті.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -