Көлік министрлігінің басшысы Қазақстан өңірлерінде инфрақұрылымды тексеруді жалғастыруда

12210
Фотосурет: Gov

Көлік министрлігі басшылығының өңірлер бойынша 10 күндік жұмыс сапары жалғасып жатыр.

Ведомство басшысы Жамбыл облысына келіп, көлік инфрақұрылымының бірнеше маңызды нысанын тексеріп, халықпен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Шымкенттен Таразға барар жолда Марат Қарабаев екі қаланы жалғайтын автожолдың ақылы учаскесін қарап, Шақпақ баба ауылы маңындағы қос жолды тоннель құрылысының барысын тексерді.

Қазіргі уақытта тоннельде бетон жұмыстары аяқталып, аркалардың бетін тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «ҚазжолҒЗИ» АҚ техникалық қадағалау қызметінің ақпараты бойынша, сол жақ тоннельдегі асфальтбетон жұмыстары 100 пайызға, оң жақтағысы жартылай аяқталған.

Содан кейін министр Әулие Ата халықаралық әуежайының, Тараз қаласының автовокзалы мен теміржол вокзалының қызметімен, Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының және Бесағаш өткізу пунктінің жұмысымен танысты.

Сондай-ақ М.Қарабаев Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесіп, өңір азаматтарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кездесуде авиация, теміржол және автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалы, жүк тасымалы және такси тасымалы, көліктік бақылау инспекцияларының қызметі, автожолдарды жөндеу және салу, сондай-ақ жол бойындағы сервисті дамыту мәселелері қаралды.

Халықпен ашық форматта өткен әңгіме қорытындысы бойынша министр өтініш білдіргендердің сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап беріп, көлік министрлігінің құрылымдық бөлімшелеріне тиісті тапсырмалар берді. Сондай-ақ бірқатар мәселе ведомство басшысының бақылауына алынды.

Ары қарай Марат Қарабаев өткізу пунктінің жұмысымен танысу үшін Қордайға барды. Жол бойында ол «Мерке-Бурылбайтал» жолын қайта жаңарту жобасының іске асырылу барысымен танысады және «Тараз-Алматы» трассасының ақылы учаскесін тексереді. Сонымен қатар бүгін Қарасу өткізу пунктіне бару жоспарланып отыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -