Ақтөбе облысындағы Аналар кеңесінің отырысы: отбасылық құндылықтарға назар аудару

14113

Ақтөбе облысында ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, онда Кеңестің өткен жылғы қызметінің қорытындылары шығарылып, ағымдағы жылы Кеңестің жұмысын жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар мен жоспарлар белгіленді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кеңестің кеңейтілген отырысына Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары С.Қонақбаев, "Қоғамдық келісім" КММ басшысы Д.Исмағамбетова және ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері қатысты.

Іс-шара барысында Кеңес мүшелері баяндама жасады. Г.Алашбаева отбасы институты мен әкелердің рөлі туралы егжей-тегжейлі айтып берсе, Аналар кеңесінің білім беру ұйымдарымен өзара тығыз байланыстағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыру мәселелеріне Т. Дадусеко тоқталды. Еркін форматтағы диалог алаңында мемлекеттік тілді үйрену, жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, отбасылық құндылықтарды сақтау мәселелері белсенді талқыланып, вейптер мен электрондық темекілердің зияны, ел болашағы мен халық денсаулығына тигізер кері әсері туралы қызу пікір-таластар болып өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -