40 кадет тағылымдамадан өтуге келді

11363
Фотосурет: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі

Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімінде Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледжінің 40 кадеттері отыз күндік әскери тағылымдамадан өтуде, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тағылымдама барысында болашақ кәсіпқой сержанттар әскери колледжде алған теориялық, практикалық дағдылары мен шеберліктерін пысықтайды. Қарулы күштердегі шынайы қызметке дайындалады. Сондай-ақ, бөлімшелерді басқарудағы лауазымдық міндеттерін атқарудың қыр-сырын меңгереді.

Кадеттер 1 ай көлемінде мотоатқыштар батальонында бөлімше командирі ретіндебіліктіліктерін арттырады. 

-  Бір ай ішінде олар күнделікті және оқу-жауынгерлік қызмет процесінде жеке құрамды басқарудың негіздерін игеруі керек. Кадеттертағылымдама барысында бағыныстыларды өз бетінше басқаруға, жауынгерлік даярлық, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану бойынша сабақтар өткізуге тәжірибе алады. Сондай-ақ көшбасшылық және командирлік қабілеттерін жетілдіреді, -  деді бөлім сержанты 1 сынып сержанты Қуат Қасымов.

Кадет өзінің көшбасшылық қасиеті мен сеніп тапсырылған бөлімшемен жұмыс істеу әдістемесін пысықтай отырып, командалық-әдістемелік дағдысын шыңдайды. Ал олардың іс-қимылын рота сержанттары мен взвод командирлері қадағалайды. Аға әріптестері мен тәлімгерлері ретінде олардыңмықты және осал тұстарын айқындай отырып, консультативті және әдістемелік көмек көрсетеді.

- Біз осы уақытқа дейін алған теориялық білімімізді практика жүзінде қолданып көрудеміз. Әскери қызметкер болу оңай емес, тағылымдамадан өту бірінші кезекте бұл жауапкершілікті сезіну мүмкіндігін береді. Басқару және ұйымдастыру қабілеттерін ашуға көмектеседі. Жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеу кезінде командирлік қабілеттерд ашыға ықпал етеді, -дейді Шоқан Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігі әскери колледжінің кадеті Диас Бейсенгалиев

Болашақ сержанттың командалық машықтарынбекіту үшін тағылымдама барысында 27943 әскери бөлімінде кадеттің көшбасшылыққасиетін жетілдіруге бағытталған шаралар іскеасырылады. Оның қатарында бөлімшелердіңжауынгерлік атыс дайындығы бар.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -