Сәлем ұстазым, кеше ғана қалам ұстауды үйреткен оқушыңыз бүгін сізге әскерде жүріп хат жазуда!
Сізді қатты сағындым. Сіз маған ер азамат барлық жағдайға дайын болуы қажеттігін, қайғыда құлазымай, қуанышта асып-тасымай дәті берік тұлға болып қалыптасуыма зор сепкі болдыңыз! Күні кеше ғана қаруластырыммен бірге ант қабылдадық.
Енді, міне антыма адал болу жолында тайынбай қажырлы қызмет етуге әзірмін. Мендегі бұл болмыс сіз берген өнегенің арқасында деп ойлаймын. Айтады ғой «дайындықта қатты болса, соғыста жеңіл болады» деп.
Мектептегі қатал тәрбие әскердегі өзге қаруластардан мені ширақ, жауапты, елгезектілігіммен айшықтайды. Әскерде ойланып қадам жасауға, әрбір сағатты тиімді пайдалануға үйретеді екен. Уақытымыз бұл жерде мен ойлағанна тез өтіп жатыр.
Ұлттық ұлан қатарында жүріп, өзімнің өмір жолымда ұстаз болмаса да, ұқсап баққысы келетін әскери қызметшіні жолықтырдым. Менің взвод командирім лейтенант Бауыржан Серікболовтан адами жетілу жолында тәлім алар біраз дүние бар екен.
Қымбатты ұстазым, болашақта талай хат жазамын. Шәкірттеріңіздің сіз артқан сенімді ақтасын. Мектептің жүрегіне айналған сізді қайда жүрсем де ұмытпаймын. Мен сіздерді жақсы көремін!
Жарқын Айтыметов
5512 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері