Наурыз – мейірім мен қайырымдылық мерекесі

12551
Фотосурет: Гвардейск гарнизонының баспасөз қызметі

15 наурызда Қазақстан халқы «Қайырымдылық» күнін атап өтеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл күн еліміздің халқын мейірімділік пен тату көршілікке шақырады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созу, кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлық көрсету – қазақтың қанында бар қасиет.

Бүгінгі «Қайырымдылық» күні Гвардейск гарнизонындағы танкистер құрамасының әскери қызметшілері де Жамбыл облысының Қордай ауданындағы № 7 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығына барып, қарттарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әскери қызметшілер қарияларға әкелген сый-сияпаттарын табыстап, шағын концерт қойып берді.

– Қарттарымызды назарсыз қалдырмауға тырысамыз. Бұл жолы да ол кісілерге мерекелік көңіл-күй сыйлай алдық деген үміттеміз, – дейді 21450 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Думан Блялов

Өз кезегінде Қарттар үйлерінің басшылығы әскери қызметшілерге ризашылығын білдіріп, жасаған сый-құрметтері үшін алғысын жеткізді.

Сонымен қатар Гвардейск гарнизонындағы Құрлық әскерлері Оқу орталығы мотоатқыштар мектебінің 15 сарбазы Қарулы күштердің ардагері Бибісара Салтанқұлованы мерекемен құттықтап, сый-сияпаттарын табыс етті.

– Бүгінгі іс-шараның мақсаты – жауынгерлерді қайырымдылық, мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу. Сарбаздар ардагеріміздің үй шаруашылығына жәрдем көрсетіп, шағын жөндеу жұмыстарын жүргізді. Аумақты тазалап, бау-бақшаның орнын қопсытып берді, – дейді Оқу орталығы мотоатқыштар мектебі бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Айдын Сүлейменов.

Сол себепті «Қайырымдылық» күні қазіргі қазақ қоғамының басты құндылықтары болып отыр. Наурыздың бір күнін осы тақырыпқа арнау өскелең ұрпақ тәрбиесінде өз ізін қалдаратыны сөзсіз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -