Қазақ тілін қолдауға арналған Меморандум: министрлік пен қоғам қандай қадамдар жоспарлайды

556
Фотосурет: Gov

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті Рауан Кенжеханұлы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Министр өз сөзінде Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына тоқталып, бүгінгі күннің сұранысына жауап беретін тілді цифрландыру, оның ішінде қазақ тіліндегі жасанды интеллектіні дамыту, қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар Тіл тұжырымдамасы аясында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуде қоғамдық ұйымдар рөлінің айрықша екендігін атап өтті.

Министрлік пен «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы арасындағы меморандум өзара тиімді қарым-қатынастарға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

«Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы өз кезегінде Қоғам тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, мемлекеттік тілдің рөлін арттыруға байланысты Қоғам тарапынан ауқымды жобалардың қолға алынғандығын атап өтті. Сондай-ақ меморандумға қол қою маңызды қадам екенін мәлімдей келе, өзара ынтымақтастық ауқымы кеңейе түсетініне, тілдің дамуына жол ашылатына тоқталды.

Екіжақты меморандум аясында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, әсіресе ғылым, бизнес, техника тіліне айналдыру бағытындағы жұмысты ілгерлету, халықаралық деңгейде беделін нығайту, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолдану үшін жағдай жасау, тіл үйрету әдістемесін жетілдіру, қазақ тіліндегі контенттің үлесін арттыру, тілді цифрландыруға, оның ішінде қазақ тіліндегі жасанды интеллектіні дамытуға мүмкіндік беретін жұмыстарды қамтиды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -