Павлодарда әскери психологтар бас қосты

497
Фотосурет: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Павлодарда Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5512 әскери бөлімінде әскери психологтар  тәжірибелік дайындықтан өтуде, деп хабарлайды DKNews.kz.

Шараға  ШҚО, Абай және Павлодар облыстарының әскери бөлімдерінің арнайы  мамандары қатысты. Негізгі мақсат – әскери бөлім психологтарының күнделікті қызметі  мен әдістерін жетілдіру, сондай-ақ  төтенше жағдайлар туындаған кезде шұғыл психологиялық көмекті ұйымдастыру болып табылады.

-  Соңғы кезде әскер қатарында өз-өзіне қол жұмсау, ойынқұмарлыққа салыну жағдайлары көптеп кездесіп жатыр. Түрлі фактілер кездескен сайын себеп салдар да әртүрлі бола түседі. Сондықтан сарбаздар, әскери қызметшілер мен офицерлердің арасында қандай да бір жағдайлардың алдын алу үшін психологиялық жұмыстарды жүргізу өте маңызды - деді  Ұлттық ұланның тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бас басқармасының психологиялық қызметінің бастығы майор Азамат Макин.

Айта кетейік, бүгінгі таңда әскери психологтардың әскердегі жұмысының негізгі бағыттарының бірі жеке құрамның психологиялық тұрақтылығын, беріктігін сақтау, нығайту және қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындауға психологиялық дайындық деңгейін арттыру болып табылады. Жас сарбаздармен бейімделу жұмысы, қандай да бір жағдайдың алдын алу үшін психологиялық жұмыстар жүргізу осы мамандардың қызметіне енеді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -