Ұландық жауынгерлер тасқынға қарсы күреске атсалысты

1274
Фотосурет: ҚР ҰҰ «Батыс» ӨңҚ

Көктем келіп, қысқы қар еріген кезде елдің көп бөлігінде су тасқыны қаупі туындайды. Осындай өңірлердің қатарында Батыс Қазақстан облысы бар, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазіргі уақытта өңірде ауа температурасы жоғарылап келеді. Сондықтан қар күрт ери бастайды, салдарынан қалалар мен шағын елді мекендерді су басу қаупі төніп тұр. Осыған байланысты өңірде су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп, бөгендер салынуда. Бұл жұмыстарды атқаруға Ұлттық ұлан сарбаздары да көмектесіп жүр.

Орал қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімінің жеке құрамы су басу қаупі жоғары жерлерде арнайы тосқауыл соғып, көшелер мен аулаларға жиналған қарды шығаруға атсалысып жатыр. Сондай-ақ судың өз арнасы арқылы ағып кетуі үшін арықтарды тазартуда.

- Бұл іске атсалысу біздің міндетіміз дегім келеді. Ұлттық ұлан жауынгерлері әрқашан халыққа көмектесіп, кез келген қиындықтың алдын алуға күш-жігерін салады, - деді 5517 әскери бөлімі батальонының командирі майор Жасұлан Көрпешов.

Айта кетейік, тұрғын үйлерді су басу қаупін жою мақсатында Ұлттық ұланның 100-ге жуық әскери қызметшісі еріген қар суларына жасанды тосқауы жасауда.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -