Қазақстан мен Тәжікстанның қорғаныс министрлері екі елдің әскери саладағы қарым-қатынастарының жай-күйін талқылады

403
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Астанаға Тәжікстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Шерали Мирзоның басшылығымен әскери делегация келді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тәжікстан қорғаныс ведомствосының басшысы алдымен құрмет қарауыл ротасының сүйемелдеуімен «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойды.

ҚР Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Тәжікстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Шерали Мирзоның кездесуі өтті. 

Тараптар кеңейтілген форматта екі елдің әскери саладағы қарым-қатынастарының ағымдағы жай-күйін талқылады.

Сапар бағдарламасында делегацияның ҚР Ұлттық қорғаныс университетіне, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларындағы Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарына баруы көзделген.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -