Қазақстандағы кәсіби мерекелер: күнтізбеге қандай күндер қосылады?

7766
Фотосурет: Depositphotos

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 8 жаңа кәсіби мерекені бекітуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ведомство басшысы бұйрығының тиісті жобасы дайындалып, «Ашық НҚА» порталында орналастырылды. 

Атап айтқанда, кәсіби мерекелердің тізбесін мына айтулы күндермен толықтыру көзделеді:

  •  Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні – 7 сәуір;
  •  Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні – 16 сәуір;
  •  Метрология қызметкерлерінің күні – 20 мамыр;
  •  Ветеринариялық қызметкер күні – 10 шілде;
  •  Аңшылық шаруашылығы қызметкерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбісі;
  •  Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру қызметкерлері күні – 1 қазан;
  •  Стандарттау қызметкерлерінің күні – 14 қазан;
  •  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні – 18 қараша.

Жаңа кәсіби мерекелерді енгізу туралы ұсыныстарға тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары бастама жасады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -