Тіл мерейін асырған шара

3707
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Кеңес Одағының батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінде құқықтық тәртіп әскерінде дәстүрге айналған жергілікті ұлт өкілдері емес әскери қызметшілер арасында «Мемлекеттік тіл-менің тілім» байқау сайысының I кезеңі өтті.

Сайыс «Сәлемдесу», «Мақал-мәтел айту», «Өрлеу» деп аталатын үш айналымнан тұрады және әрбір айналым қатысушылардың алынған ұпай жүйесі бойынша бағаланады.

Сәлемдесу айналымы бойынша сайыскерлер арасынан үздік өнер көрсеткен 4 жедел мақсаттағы батальонның жауынгерлік қамтамасыз ету ротасы кинология қызметінің аға маманы қатардағы Марк Жарков болды.

Екінші айналымда «Қызыл тіл жанның мияты, абырой ердің қуаты» деп бастаған 1 жедел мақсаттағы батальонның жауынгері кіші сержант Владислав Сарган ең көп мақал айтып, осы айналымда суырылып алға шықты.

Өрлеу» кезеңінде байқау басталған сәттен топ ішінен сурылып шығып көрерменнің көңілінен шыққан қатардағы Марк Жарков «Ұлтым орыс болса да, тілім қазақ» атты көрініспен әділқазылар мен көрермендердің жүрегін жаулап алды.

Әрбір қатысушының бөлінген уақытты қатаң сақтауына, өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді еркін және таза сөйлеуіне, өлеңді мәнерлеп оқуына, мәтіннің көркем идеяларын аша білуіне, сондай-ақ сахна шеберлігі мен мәдениетіне ерекше назар аударылды.

Сайыс қорытындысы бойынша, жүлделі I орынды 4 жедел мақсаттағы батальон жауынгерлік қамтамасыз ету ротасы кинология қызметінің аға маманы қатардағы Марк Жарков жеңіп алды. Ал II орынды 1 жедел мақсаттағы батальон жауынгерлік қамтамасыз ету ротасының кіші сержанты Владислав Сарган еншіледі. III орын 5 жедел мақсаттағы батальонның бөлімше командирі қатардағы Роллан Бондеренконың қанжығасына байланды. Сонымен қатар, басқа қатысушылар да назардан тыс қалмай, 5571 әскери бөлімі командирінің алғыс хатымен марапатталды.

Лейтенант Мерей БАЙСЕРКЕЕВА,

Алматы қаласы

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -