Ақтаулық ұландықтар күштік құрылымдар арасында жүлдегер атанды

423
Фотосурет: ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Ағымдағы жылдың 20 сәуір күні Маңғыстау облысы Ішкі Істер Департаментінің ұйымдастыруы мен күштік құрылымдар арасында волейболдан облыстық чемпионат өткізілген болатын, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталмыш бұл сайысқа Маңғыстау облысының күштік құрылымдарынан құралған 15 команда қатысты.

Сонымен қатар, айта кетер жайт аталмыш бұл сайыста Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Ақтау қаласында орналасқан 6656 әскери бөлімінің қызметкерлері де қатысқан болатын. Тартысқа толы болған бұл сайыс қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды Маңғыстау облысының Полиция департаментінің ардагерлер құрама командасы иеленсе, екінші орынды 6656 әскери бөлімінің қызметкерлері қанжығасына байлады.

Ал үшінші орынды Жаңаөзен қаласының ішкі істер бөлімінен келген құрама команда қанағат тұтты. Айта кетер жайт, аталмыш сайыс барысында спортшыларға арнайы номинацияларда тағайындалған болатын.

Сайыстың үздік байланыстырушысы номинациясын 6656 әскери бөлімінің қызметкері ефрейтор Рафхад Фархадұлы жеңіп алған болатын. Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орын алған командаларға арнайы мадақтама, кубок, медальдар тапсырылды.  

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -