Жас толымның алғашқы легі келді

1048
Фотосурет: Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны аясында Аягөз гарнизонындағы танк әскери бөлімі қатарын Түркістан облысынан келген елуге  жуық жас сарбаздардың алғашқы легі толықтырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Болашақ Отан қорғаушылар Аягөз гарнизонына теміржол торабы арқылы жеткізілді. Жоспарға сәйкес жаңадан келген сарбаздар бір ай бойы жас жауынгер курсынан өтіп, әскери өмірдің қыр-сырын үйренетін болады. Танк әскери бөлімі командирінің орынбасары подполковник Бақыт Қашқынбаевтың айтуынша, жас сарбаздарға бөлімде арнайы терең психологиялық тестілеу мен оларды таныстыру жұмыстары ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, жас сарбаздар ротасының әкімшілік құрамы әр сарбазбен жекеленген түрде сұқбат жүргізіп, олардың толықтай мәліметімен танысады. Яғни, мерзімді әскери қызметін атқарушылардың кәсіби мамандықтары мен білімдеріне, мінездемелеріне және психологиялық деңгейіне назар аударылады. Бұл мәліметтер алдағы уақытта олардың қызмет ету үшін және бөлімшелерге бөлінер кезде қажет болады.

Көктемгі әскерге шақырылушылардың келуіне әскери бөлімдерде барлық жағдай жасалып, жиын әкімшілігі құрылған. Оның құрамына сарбаздарды әскери істің қыр-сырына үйретіп қана қоймай, жаңа жағдайларға бейімдеуге көмектесетін тәжірибелі офицерлер мен сержанттар тағайындалған, – деді 10810 әскери бөлім командирі полковник Дәулет Сүттібаев.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -