Әр күн үшін оқырмандар: адамдар кітапханаларға қашан және қалай жиі барады

256
Фотосурет: freepik

Қазақстанда кітапханаға баратын оқырманның әлеуметтік портреті жасалды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әлеуметтік зерттеудің қорытындысы бойынша, Қазақстанда кітапханаға баратын оқырманның жиынтық портреті жасалды. Жас ерекшелігі 15 пен 86 жас аралығындағы адамдар. Олардың 65%-ы әйелдер болса, 35%-ы ерлер екені анықталды.

Кітапханаға ең көп келетін орта мектеп оқушылары, орта білім мен жоғары оқу орындарының студенттері, шағын бизнес өкілдері, зейнеткерлер мен уақытша жұмыс істемейтін азаматтар.

Жүргізілген зерттеуге сәйкес, респонденттердің 48%-ы өздері кітап оқитынын, 35%-ы оқуды ұнататынын, 15%-ы көп оқитынын және 2%-ы оқымайтынын көрсеткен. Сауалнамаға қатысқан 90% оқырманды кітапханалардың кітап қоры қанағаттандырады.

Респонденттердің 45%-ы кітапханаларға жиі барса, 70%-ы тек жұмыс күндері барғанды жөн көреді екен.

Оқырмандар сұранысы бойынша детектив жанрындағы шығармалар мен психологияны оқитындар – 38%, өмір, махаббат туралы романға қызығатындар – 32%, естелік және тарихи кітапты оқитындар – 26%, салалық сипаттағы кітаптарды (аспаздық рецепттер, анықтамалықтар, медицина бойынша кеңестер) – 4%-ды көрсетіп отыр. Ал егде жастағы адамдардың оқуға деген құштарлығы жоғары, оның көрсеткіші – 60%.

Айта кетейік, Қазақстандағы жалпыға қолжетімді кітапханалар арасында әлеуметтік зерттеу жасалды. Оның ішінде сауалнама, экспресс-сауалнамалар, сондай-ақ оқырман формуляры бойынша оқуды талдау, жеке әңгімелесу сияқты зерттеу әдістері жүргізілді. Кітапхана оқырмандарынан оқу, қызмет көрсету сапасы, сондай-ақ респонденттердің жасы, білімі мен гендерлік белгілері туралы пікірлері сұралды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -