БҰҰ делегациясы Қазақстанның бітімгершілік қызметке қосқан үлесін жоғары бағалады

4686
Фотосурет: ҚР СІМ

Астанаға Комиссар Фейсал Шахар бастаған БҰҰ бітімгершілік департаментінің Заңның үстемдігі және қауіпсіздік институттары басқармасының делегациясы келді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Талғат Қалиев БҰҰ делегациясын терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттарымен таныстырды.

Сонымен қатар, БҰҰ-ның бітімгершілік қызметі, лаңкестік әрекет аймақтарынан Қазақстан қайтарған адамдарды репатриациялау, реинтеграциялау және оңалту мәселелері бойынша пікір алмасу болды. Атап айтқанда, БҰҰ делегациясы 800-ге жуық Қазақстан азаматын Қазақстанға қайтарған «Жусан» және «Русафа» операциялары туралы ақпарат берілді.

БҰҰ делегациясы Қазақстанның Ұйымның бітімгершілік қызметіне қосқан үлесін жоғары бағалады, сондай-ақ қақтығыс аймақтарынан оралғандарды репатриациялау, реинтеграциялау және оңалту саласындағы біздің мемлекетіміздің бірегей оң тәжірибесін атап, оның зерттеуге, халықаралық аренада қолдануға және танымал етуге тұрарлық екенін атап өтті.

Тараптар өзара мүдделі мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -