Ұландық штаттан тыс әскери журналистер «Qyzylorda» телеарнасының жұмысымен танысты

1433
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Қызылордада Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5547 әскери бөлімінің штаттан тыс тілшілерімен оқу-әдістемелік жиын өтті.

Әскери журналист – бұл ұғымды соғыс уақытында жау оғынан бұқпантайлап қашып жүрген, халыққа ақпарат таратушы әрі тілші маман ретінде танырсыз. Алайда бүгінгі күні шекарасы шегендеулі, бейбіт, мамыражай күн кешкен, өз алдына тәуелсіз мемлекеттерде де әскери тілшілердің алар орны ерекше. Бойында асқан батылдық пен тәуекел, ерік-жігері бар адам, қаруы мен қаламын бір саланың бойында ұштастыратыны сөзсіз.

Практикалық сабақтар Мемлекет басшысының қоғамда және мемлекетте тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі идеялары төңірегінде жеке құраммен идеологиялық жұмысты жандандыру, сондай-ақ жаһандық сын-қатерлер мен қазақстандық журналистиканың қазіргі заманғы мәселелерін зерделеу мақсатында өткізілді.

Шара шеңберінде тәжірибе алмасу үшін «Қазақстан» республикалық телерадиокорпарациясы» акционерлік қоғамының Қызылорда облыстық филиалына жол тарттық. Барған бойда директордың орынбасары Айсұлу Қасымова жылы лебіз танытып, күтіп алды. Алдымен өз ұжымдастарымен таныстыруды жөн көріп, шеф редактор Мөлдір Құлмырзаева, сарапшы журналист Дәулетхан Маратұлы және бас редактордың орынбасары – Бекзат Есқалиевпен таныстырды. Олар телевидение әлеміне жалпы шолу жасап, танымдық сабақ өткізді. Айсұлу Жұмабайқызы өз сөзін «Біздің филиалдың құрылғанына биыл 33 жыл толды, эфирге 37 хабар және 15 сағат жаңалық шығарамыз.

Жалпы тілші жұмысы өте қызық әрі сан алуан, түрлі қырлар мен сырларға толы. Тілші ақпарат майданында аптасына жеті күн 24 сағат күн, түн демей жұмыс жасайды», - деп бастады. Ары қарай құр сөзбен сүйемелдемей өз көзімізбен көрген дұрыс деп «Қазақстан» республикалық телерадиокорпарациясы» акционерлік қоғамының Қызылорда облыстық филиалының ғимаратын аралауға шақырды. Бұл экскурсия бір ерекше тылсым әлемге жол тартқандай әсер қалдырды. Алдымен орыс тілді редакцияға кіріп режиссерлармен, олардың атқарып жатқан жұмыстарымен таныстық.

Ары қарай эфир-аппараттық бөліміне кіріп, тікелей эфир жайында ақпарат алдық. Желінің жылдамдығына жауап беретін технолог маман өз жұмысын айтып қана қоймай іс-жүзінде де көрсетті. Ғажап.

Жалпы жаңалықтардың, басқада бағдарламалардың шығу жолында атқарылатын сан алуан жұмыс ерекше әсер қылдырды. Жаңалықтардың, жалпы сюжеттердің түсірілген, тіпті жоспарланған сәтінен эфирге шыққанша өтетін жолын өз көзімізбен көріп тамаша әсер алдық. Тілшілердің айтқан сөзі, іс-қимылы тіпті киген киімі жіті бақылауда болады. Одан бөлек дизайнерлердің жұмысы да бар. Әр жазудың, түстердің тіпті көзге де ілінбетін кішкентай заттың орны, түсі, пішіні ескеріліп, тәжірибелі дизайнер мамандардың қолынан өтеді. Осы атқарылған жұмысты жақсы жасап шығару үшін тәжірибесі мол операторлар бірден ұтымды кадрлар түсіріп алып, ары қарай монтажға жіберді. Сонан соң редакторлардың сынынан сүрінбей өткен керемет дүние көрермендер назарына ұсынылады. Нағыз коммандалық жұмыс деп осыны айт.

Студияның ішінде кіріп тікелей эфирдің қалай өтетінін, материалдардың қалай түсірілетіні, дикторлардың жүріс тұрысы, сан алуан камера, жарық шамдарды көріп еріксіз тылсым әлемге түскенмен тең болдық.

Танымдық сабақ соңында әскери өмірді дәріптеп жүрген жергілікті «QYZYLORDA» телеарнасының бірқатар қызметкерлеріне бөлім командирінің атынан алғыс хаттар беріліп, өзара орнаған ынтымақтастығымызды одан сайын нағайтып, алдағы уақытта да бірлесе жұмыс жасауға тілектестік білдірдік.

Айтары жоқ өте қызықты да танымды, алдағы уақытта жемісін берері сөзсіз ақпарат алмасу болды.

Штаттан тыс әскери тілші Тұрсынай ШӘРІН,

Қызылорда қаласы

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -