Елордадағы шағын футбол:" IsmA " – Қазақстан халқы Ассамблеясы турнирінің қола жүлдегерлері

18139
Фотосурет: ҚХА

Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының шағын футболдан этностар арасындағы турнирі өтті. Бұл турнирде тәжіктердің республикалық этномәдени орталығының "IsmA" командасы ерекше шеберлікпен өнер көрсетіп, финалға дейін жетті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Турнир барысында 9 команда өзара бақ сынасты. Өте тартысты өткен финалда "IsmA" командасы жүлделі ІІІ орынға ие болды. Команданың үздік ойыншыларының бірі Хидиров Баһадүр "Үздік ойыншы" номинациясын иеленді. Бұл олардың шынайы шеберлігі мен қажырлы еңбегінің нәтижесі.

"Уақыттың тығыздығына қарамастан, біздің команда шағын футболдан финалға шығып, өз өнерлерін ортаға салды. Финалға шыққан командам аздап шаршап қалғанын байқадым. Соған қарамастан команданың болашағы барын көрдім. Себебі алғашқы рет қатысқан команда, енді одан әрі шыңдала түсетіні анық. Бұл жерде ең басты елімізде тұрып жатқан этностар арасындағы достық кездесу, танысу, білісу болды" Акбаржон Исмаилов, Қазақстандағы тәжіктердің республикалық этномәдени орталығының төрағасы

Бұл турнир тек спорттық жарыс қана емес, сонымен қатар еліміздегі түрлі этностар арасындағы достықты, бірлікті нығайтатын шара болып табылады. "IsmA" командасы өздерінің шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, басқа командалармен достық қатынастар орнатып, ел ішіндегі татулықты нығайтуға өз үлестерін қосты.

Олардың жетістіктері мақтаныш сезімін тудырады және болашақта жаңа биіктерді бағындыруға шабыттандырады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -