Қазақстандағы венчурлық инвестициялар: Astana Venture Club бірінші жылының қорытындысы

9218
Фотосурет: AstanaHub

Astana Venture Club бір жылдығын атап өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Astana Hub халықаралық технопаркі базасында Astana Venture Club – болашағы зор технологиялық кәсіпкерлерге инвестиция құйып, қолдау көрсетуге мүдделі бизнес-періштелер қауымдастығының құрылғанына бір жыл толуына орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараға инвесторлар, бизнес-қауымдастық жетекшілері, венчурлық және инвестиция саласының мамандары, меценаттар мен Қазақстанның IT-қауымдастығы өкілдері қатысты.

"Бизнес-періштелердің инвестициялары стартаптарға қысқа уақытта масштабталып, жаңа нарыққа шығуға мүмкіндік береді. Ең алдымен, IT, fintech және AI саласындағы жобалар инвесторлар үшін тартымды саналады. Мұнда тек инвесторлар мен стартаптар ғана емес, сонымен қатар олардың өнімдерін пайдаланушылар да пайда таба алады. Былтыр бизнес-періштелер мектебінің екі легі ұйымдастырылып, 100-ге жуық адам білім алды. Клуб бизнес-періштелері бірнеше мәміле жасады. Стартаптарды қаржыландыратын белсенді қатысушыларымыз қатарында 40-қа жуық адам бар" Нұрасыл Жарбасов, Astana Venture Club негізін қалаушы және басшысы

Іс-шара аясында «Венчурлық инвестиция трендтері мен мүмкіндіктері: АІ әсері және даму критерийлері» тақырыбында панельдік сессия отырысы өтті. Жиын модераторы BGlobal Ventures бас директоры Абай Абсамет болды. Панельдік сессияда Astana Hub басқарушы директоры Таңат Өскембаев, Raison халықаралық инвестициялық компаниясы тең құрылтайшысы әрі басқарушы серіктесі Андрей Березин және бизнес-періште Елжан Күшекбаев сөз сөйледі.

Спикерлер IT-саласындағы жаңа трендтер, стартап-жобаларды масштабтаудағы венчурлік қор рөлі мен маңызына тоқталды. Өз кезегінде, Astana Venture Club Astana Hub және BGlobal Ventures-пен әріптестік шеңберіндегі стратегиялық жоспарларды атап өтіп, бірлескен күш-жігер қазақстандық стартаптарға халықаралық нарыққа жол ашатынын айқындады.

Astana Venture Club былтыр мамыр айында инновациялық жобаларды дамыту мақсатымен құрылды. Бір жыл ішінде қор Қазақстанның венчурлық мәдениетін дамыту жолындағы негізгі мүшенің біріне айналды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -