Қытайдағы «ақылды» зауыттар саны 49-ға жетті

721
Фотосурет: Xinhua

Қытай ұлттық деңгейдегі жетекші «ақылды» зауыттар тізіміне тағы 34 кәсіпорынды қосып, олардың жалпы санын 49 - ға жеткізді. Жаңа өндіріс орындарында жасанды интеллект, автоматтандыру және цифрлық технологиялар кеңінен қолданылады.

Тізімді ҚХР Өнеркәсіп және ақпараттандыру министрлігі (MIIT) басқа бес мемлекеттік ведомствомен бірлесіп жариялады. Оған түрлі салалардағы кәсіпорындар, соның ішінде Xiaomi Auto автомобиль зауыты мен Hudong-Zhonghua Shipbuilding кеме жасау компаниясы енді.

Жетекші «ақылды» зауыттар 2024 жылы іске қосылған интеллектуалды өндірісті дамытудың ұлттық төрт деңгейлі жүйесіндегі ең жоғары санатқа жатады.

Жасанды интеллект мұндай зауыттардың жұмысындағы негізгі технологиялардың біріне айналып келеді. Екінші топқа енген кәсіпорындарда технологияларды қолдану сценарийлерінің 70 пайыздан астамы жасанды интеллектімен байланысты. Бұл кәсіпорындарда өнеркәсіпке арналған 1000-нан астам жасанды интеллект агенті әзірленген, ал күнделікті токен тұтыну көлемі 300 миллионнан асады.

Жасанды интеллект агенттері өндірістік үдерістерді автоматтандыру, деректерді өңдеу және өнеркәсіптік операцияларды басқару үшін пайдаланылады.

Өнеркәсіп және ақпараттандыру министрлігі өңірлік билік органдарын интеллектуалды кәсіпорындар құруға, өнеркәсіптік жасанды интеллект агенттерін әзірлеуге, сапалы деректер жиынтықтарын қалыптастыруға және жеткізу тізбектерін басқарудың заманауи жүйелерін енгізуге қолдауды күшейтуге шақырды.

ҚХР билігі интеллектуалды өндірісті дамытуға бағытталған жаңа шараларды да әзірлеп жатыр. Олар әртүрлі деңгейдегі кәсіпорындарда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні кеңінен қолдануды көздейді.

«Ақылды» зауыттардың дамуы Қытай өнеркәсібінің жоғары технологиялық секторы қарқынды өсіп жатқан кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр.

ҚХР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында жоғары технологиялық және цифрлық өндірістің үлесіне елдегі өнеркәсіптің қосылған құнының 20 пайыздан сәл астамы тиесілі болды. Сонымен қатар дәл осы салалар өнеркәсіп өндірісінің жалпы өсімінің жартысынан астамын қамтамасыз етті.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -