Астанада 7 жаңа Bus Lane жолағы пайда болады

3729
Фотосурет: Астана қаласының әкімдігі

Астанада 15 маусымнан 16 маусымға қараған түні Ш.Айтматов көшесінде Bus Lane қоғамдық көлігі үшін бөлінген жолақ енгізіледі, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ол Ш.Қосшығұлұлы көшесінен Ж.Молдағалиев көшесіне дейінгі учаскені қамтиды, жалпы ұзындығы 10,5 км болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі уақытта көрсетілген учаскеде жолақтарды сызу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл – осы жылы 7 учаскеде енгізілетін Bus Lane жолақтардың алғашқысы. Бұған дейін хабарлағандай, бөлінген жолақтар Мәңгілік ел, Тұран, Тәуелсіздік даңғылдары мен Керей Жәнібек хандар көшесіне, Ұлы Дала және Р.Қошқарбаев даңғылдарына енгізіледі.

Bus Lane қоғамдық көліктер қозғалысының жол жүру уақытын, аралықты, аялдамаларда жолаушылардың автобустарды күту уақытын қысқартуға, орташа пайдалану жылдамдығын арттыруға ықпал етеді.Сондай-ақ жедел жәрдем қызметі, арнайы қызметтер мен өрт сөндіру көліктерінің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -