Заңсыз өндіріс: адамдар тобы қылмыстық жауапкершілікке тартылды

4301
Фотосурет: ҚР ҚМА

Ақмола облысының аумағында жалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдалана отырып, суррогатты алкоголь өнімін заңсыз өндіру фактісін Қаржылық мониторинг агенттігі тоқтатты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Степногорск қаласының тұрғынының басшылығымен 6 адамнан тұратын Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында суррогат алкоголь өнімдерін сатқан адамдар тобы әшкереленді.

20 мыңнан астам дайын өнім бөтелкелері және 100 мыңнан астам бос бөтелкелер, құрамында спирті бар сұйықтық, спирт, жалған есепке алу-бақылау маркалары тәркіленді.

Қылмыстық әрекет кезеңінде ақша айналымы 350 млн теңгеден асты.

Сот үкімімен іс бойынша айыпталушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастырған 4,6 млн теңге көлеміндегі қаражат мемлекет кірісіне тәркіленді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -