Жасөспірімді ажалдан құтқарып қалған Ұлттық ұлан сарбаздары марапатталды

15455
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Бүгін Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің саптық алаңында жасөспірімді ажалдан құтқарып қалған Ұлттық ұлан сарбаздары марапатталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Аталмыш шараға әскери бөлім командирі генерал-майор Аян Есжанов, «Ақ жол» ҚДП Астана қаласы бойынша филиалы төрағасының орынбасары, Мәслихат депутаты Абзал Әбенов, партияның Жастар саясаты бойынша кеңесшісі Ұлан Құсайынов, Астана қаласының  Төтенше жағдайлар Департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғаныс подполковнигі Мадияр Мырзагелдинов қатысты.

Елордалық құраманың жауынгерлері қала тыныштығын күзету бойынша қызметке түсу үшін салтанатты сап түзеп тұрды. Әскери бөлім командирі марапаттау үшін әскери жасақты мінбер алдына шақырды. Сарбаздар үштігі әскери жүріспен мінбердің алдына келіп, сапқа тұрды. Алғашқы болып «Ақ жол» партиясының өкілдері сарбаздарды марапаттады. Екі сарбазға мақтау қағазын ұсынса, қатардағы Әлішер Махметтің кеудесіне медаль тақты. Олардың айтуынша, Әлішердей жастар еліміздің болашағы болып табылады.

Содан кейін, Астана қаласының Төтенше жағдайлар Департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғаныс подполковнигі Мадияр Мырзагелдинов ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығын оқып, ұландық Әлішер Махметке ведомстволық медальді табыс етті.

«Ұлттық ұлан сарбазы Әлішерге оқиға орнында ерлік танытып, адам өмірін құтқарғаны үшін алғыс білдіреміз» Мадияр Мырзагелдинов

Сарбаздың өзі болса, бұл оның Отан алдындағы міндеті екені, және құраманың барлық сарбаздары оның орнында болса, осылай жасайтынын айтты.

Мен үшін бүгінгі марапаттардың орны ерекше. Ерлігімді ескергені үшін Ұлттық ұлан Бас қолбасшысына, әскери бөлім командиріне және ҚР Төтенше жағдайлар министірлігі мен партия өкілдеріне алғыс айтамын. Біздің міндетіміз тыныштықты қорғау, елге көмектесу Деді ағынан жарылған жас сарбаз

Қатардағы Әлішер Махмет Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, өткен жылдың қараша айында 5573 әскери бөліміне Отан алдындағы борышын өтеу үшін келген. Жастарды әскерден қашпай, азаматтық борышын өтеуге шақырады.

Еске салып кетейік, 15 маусым күні кешкі уақытта Астана қаласында 5573 әскери бөлімінің қатардағы жауынгерлері Әлішер Махмет, Арсен Қази мен Ринат Досщанов қызмет атқару кезінде Ақбұлақ өзенінен жүзіп өтуге досымен бәсекелесіп, суға бата жаздаған №63 мектеп оқушысын құтқарған болатын.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -