Түркістанда ұландықтар ер адамға жоғалған телефонды табуға көмектесті

14520
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» ӨңҚ баспасөз қызметі

20 маусым күні сағат 20:00 шамасында Түркістан қаласының «Жеңіс» саябағы ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқару кезінде қатардағы Түркістан Еркінбек бастаған ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінің 3 жедел мақсаттағы батальонының әскери жасағына ер адам өзі жоғалтқан «POCO F6» маркалы смартфонды табуға көмек сұрап жүгінді, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Жағдай туралы әскери жасақ бойынша кезекшіге хабарлағаннан кейін біз бірден телефон іздеуге кірістік. Саябақ маңында 15 минуттық іздеуден кейін біз телефонды тауып, оны иесіне қайтара алдық» Қатардағы жауынгер Түркістан Еркінбек

Телефон иесі ұландықтарға адал қызмет атқарғаны үшін алғыс айтты, ал олар өз кезегінде қырағы болуды тілеп, қызмет атқаруды жалғастырды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -