Қазақстандықтар өз аймағындағы интернеттің сапасын бағалай алатын болады

11033
Фотосурет: ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ведомствоның қызметі туралы баспасөз брифингін өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шараға министр Жаслан Мәдиев, бірінші вице-министр Қаныш Төлеушин, вице-министрлер Асхат Оразбек, Асқар Жамбакин, Ростислав Коняшкин және Мәлік Олжабеков қатысты.

Цифрлық даму министрлігінің басшысы кездесудің негізгі мақсатын белгілеп, Министрліктің соңғы жаңалықтарына толығырақ тоқталды.​​​​​​​

Жақында Үкімет отырысында Министрлік телекоммуникацияның Цифрлық картасын https://digitalmap.gov.kz/ таныстырды. Онда байланыс технологияларының түрлері бойынша ағымдағы қамту және Қазақстанның барлық елді мекендерін сапалы байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі операторлардың жоспарлары туралы ақпарат орналастырылатын болады.​​​​​​​

«Цифрлық карта» қалалар мен ауылдардағы байланыс сапасы мәселелеріне қатысты қоғамдық мониторинг және бақылау құралы болады.

Әрбір азамат елді мекендердегі байланыс сапасындағы барлық ағымдағы мәселелерді және оларды жою жоспарларын көре алады, сондай-ақ кез-келген орын бойынша байланыс сапасына жеке бағасын бере алады.

«Цифрлық телекоммуникациялар картасы» сондай-ақ «Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасында және жергілікті атқарушы органдар, министрлік және байланыс операторлары арасында қол қойылған “Жол карталарында” қарастырылған елді мекендерге интернет жеткізу жоспарлары туралы ақпаратты қамтиды. Бұл карта пилоттық режимде қосылған. Функционал жағынан толықтырылатын болады. Бұл байланыс сапасын тексеру бойынша қоғамдық бақылауды күшейтуге септігін тигізетін шара» Жаслан Мәдиев

Сондай-ақ, Жаслан Мәдиев осы аптада Сьерра-Леоне және Того сияқты Африка елдеріне Электрондық үкімет модульдерінің экспорттағаны жайлы айтты.

Сондай-ақ, баспасөз брифингі барысында спикерлер журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Министрлік осындай іс-шараларды ай сайынғы негізде басшылықтың қатысуымен өткізуге ниетті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -