Ақтөбелік Ұландық сарбаз самбодан Азия чемпионы атанды

9130
Фотосурет: ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Бүгінде Қытай Халық Республикасының Макао қаласында спорттық самбодан Азия және Океания-2024 чемпионы өту үстінде.

Бұл жарысқа әлемнің 24 мемлекетінен 300-ге жуық спортшы қатысып өзара мықтыны анықтауда. Жарысқа еліміздің атынан 14 спортшымыз қатысып ел намысын қорғау үстінде.

Азия чемпионатында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Ақтөбе қаласында орналасқан 6655 әскери бөлімінің жауынгері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Еламан Қойшыбаевта өз бағын сынап, жарыстың алғашқы күні 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басым түсіп чемпион атанды.       

"Азия чемпионатына тыңғылықты дайындықпен келдім. Бұл жарыста басты қарсыластарымның бірі қырғыз спортшысы болды. Қырғыз палуанымен ақтық сын, финалдық ойында жолығып жеңіске жеттім. Ендігі мақсат алдағы әлем біріншіліктерінде топ жару" Еламан Қойшыбаев

Екі күнге созылған самбодан Азия чемпионатының финалдық кездесулері 30 маусым күні өтіп, жалпы жарыс қортындыланатын болады.    

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -