Алматыдағы гранттар бағдарламасы: креативті индустрияларды дамыту жолы

3289
Фотосурет: Сенаттың Баспасөз қызметі

Сенат депутаты Жанна Асанова «Almaty Creative» креативті индустрияны дамыту орталығында сала мамандарымен және Алматы қаласы мәслихатының депутаттарымен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесу барысында аталған саладағы жеңілдіктер, гранттар және қаржыландырудың басқа да нысандары сөз болып, осы бағытты дамыту үшін мемлекеттік қолдаудың маңызды екені айтылды. Биыл Алматы әкімдігі креативті индустрия саласындағы жобаларды іске асыру үшін гранттар бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отыр.

Шаһарда республиканың әр өңірінен креативті сала кәсіпкерлерінің 66 пайызы келеді.

Сонымен қатар іс-шарада креативті секторға арналған экономикалық қызмет түрлерінің классификаторын кеңейту мәселесіне мән берілді. Былтыр Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің 43 түрі креативті экономикаға енгізілді. Алайда бірнеше ірі сала бұл тізімнен тыс қалды.

«Талқылау кезінде экономикалық қызмет түрлерінің жалпы классификатор тізімін жаңартудың маңызды екені белгілі болды. Анықталған мәселелер бойынша біз жаңа сессияда осы бағыттағы өз ұсыныстарымызды айтамыз» Жанна Асанова

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -