Теңіз жаяу әскерлерін оқытуда тренажерлер сәтті қолданылуда

3388
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Ақтау гарнизонындағы теңіз жаяу әскерлері бригадасының базасында мамандық бойынша сабақтар басталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сабақтың бұл түрі әскери қызметшілер лауазымдық мақсатына сәйкес оқудан өтетін сабақтар кешенін қамтиды. Ондағы негізгі мақсат - функционалдық міндеттерді, штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін, оларды пайдалану тәртібін зерделеу.

Барлық сабақтар арнайы жабдықталған сыныптарда өтеді. Әскери қызметшілер тактикалық, инженерлік, атыс, саптық, арнайы, медициналық дайындық, сондай-ақ радиациялық, биологиялық және химиялық қорғау бойынша нормативтерді пысықтайды. 

Сонымен қатар теңіз жаяу әскерлерін оқыту отандық өндірістің тренажер кешендерінде жүзеге асырылатынын бөліп айту керек. Соның арқасында сарбаздар сыныптан шықпай-ақ жауынгерлік машина қозғалтқышының шуын сезініп, өздерін көп тонналық Т-72 танкісінің механик-жүргізушісіндей сезіне алады.

– Бұл тренажерлардың артықшылығы - біз олардың көмегімен жауынгерлік жағдайға, белгілі бір ауа-райына бейімделе аламыз. Тәулік уақытын және жер бедерін өзгертуге де қолайлы. Оның көмегімен курсанттар нысандарды анықтау және ату дағдыларын қалыптастырады. Тренажер ату нәтижелерін бағалауға да мүмкіндік береді. Мұның бәрі оқ-дәрілерді шығындамай жасалады, – деп түсіндірді танкке қарсы басқарылатын зымыран кешенінің нұсқаушысы гвардия кіші сержанты Мадияр Тілеков.

Жазғы оқу кезеңінде 1500-ден астам маман даярлау жоспарланған. Осы мақсатта 60-тан астам оқу тобы құрылды. Нұсқаушы ретінде іс-шараға 150-ден аса үздік әскери қызметші тартылып отыр.

Айта кету керек, мамандық бойынша дайындық бір айға созылады. Содан кейін бөлімше бақылау  кешенді сабақтарвн өткізеді. Онда әрбір әскери қызметшінің білімі мен дағдыларды меңгеру деңгейі бағаланады.

Даярлықтың келесі кезеңі жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде бөлімшелердің, взводтардың, роталардың және батальонның бірлескен іс-қимылдарын пысықтауға бағытталған бөлімшелерді үйлестіру болмақ.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -