Қазақстан мен Үндістан стратегиялық әріптестікті нығайтуға ниетті

3179
Фотосурет: ҚР СІМ

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының Саммиті аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Үндістан Республикасының Сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкармен екіжақты кездесуі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту жолдарын талқылап, екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, атап айтқанда энергетика, көлік, АТ, туризм, адами капитал мен климаттың өзгеруі бойынша пікір алмасты.

Үндістан делегациясының басшысы Қазақстанды ШЫҰ-ға табысты төрағалық етуімен құттықтады, сондай-ақ Қазақстан тарапының бастамаларын толық қолдайтынын және Үндістан басшылығының ізгі тілектерін жеткізді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -