Қазақстан мен Қытай энергетика саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуде

3014
Фотосурет: ҚР ЭМ

Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің қарсаңында және ҚХР Төрағасының Қазақстанға ресми сапары аясында Астанада Қазақстан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев пен China National Petroleum Corporation компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Дай Хоуляньмен кездесу өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесу барысында тараптар екіжақты өзара тиімді серіктестіктің жақсы деңгейде екенін айтып, Қазақстан аумағында бірлесіп жүзеге асырылып жатқан жобалардың қызметін және оларды кеңейту перспективаларын талқылады.

Қазақстанның энергетика министрі CNPC компаниясының Қазақстан Республикасының аумағында 27 жыл бойы табысты жұмыс істеп келе жатқанын, сондай-ақ елдің энергетика саласындағы маңызды стратегиялық серіктестерінің бірі болып табылатынын атап өтті.

ҚХР Төрағасының Қазақстанға ресми сапары аясында ҚР Энергетика министрлігі мен CNPC компаниясы ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы негіздемелік келісімге қол қойды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -