Тікұшақтар, сифон құбырлары және құтқару бригадалары: Алматы облысында сел тасқынының алдын алу

4103
Фотосурет: Gov

Алматы облысында Түрген өзені бассейнінің мұздақ көлдерінде  судың төгілуі мен селдің орын алу қаупін болдырмас үшін су деңгейін төмендету бойынша  алдын алу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жақында ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішевтің үйлестіруімен ТЖМ Қазавиақұтқарудың  екі тікұшағымен мұздақ көлдің маңында жабдықтарды тасымалдап түсіру жұмыстарын жүзеге асырылды. Жұмыстарды «Қазселденқорғау» ММ басшылығы мен авариялық бригадасы жүргізді.

Екі күн ішінде олар сифон төсеу арқылы еріген мұздық суын айдау жұмыстарын да жүргізді.  Осылайша бүгін ұзындығы 300-ге жуық метр, өнімділігі секундына 110 литр болатын алғашқы сифон тізбегі іске қосылды.

Көлдердегі жұмыстар ауа райына байланысты жалғасатын болады (шамамен ағымдағы жылғы 16 шілдеге дейін). Айта кетейік, жүргізіліп жатқан жедел жұмыстар адамдардың өміріне және объектілердің қирауына қауіп төндіретін сел тасқынының пайда болу қаупін болдырмауға бағытталған. Дайындық жұмыстары Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысының аумағында Түрген өзенінің бассейнінде күрделі сел жағдайы байқалады. Қауіп-қатер аймағында 30 мыңнан астам адам тұратын Тау-Түрген, Түрген, Қаракемер, Балтабай елді мекендері бар. Осыған байланысты мұздықтың және Түрген өзені бассейіні көлінің сел және гидрометеорологиялық жағдайына мониторинг ұйымдастырылды.

«Қазселденқорғау» ММ бекеттері халықты уақтылы хабардар ету үшін тәулік бойы жұмыс істейді.

 Бұл аймаққа баруға уақытша шектеулер енгізілді. Жаяу туристерді, автокөлік иелерін, жергілікті тұрғындар мен атқарушы органдарды құлақтандыру жұмыстары жүргізілуде.

Төтенше жағдайдың алдын алу үшін барлық мүмкін шаралар қабылдануда. 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -