Астана күніне арналған фотокөрмеде Астананың тарихи сәттері

5302
Фотосурет: Аstana akimdigi

Астанада қала күніне орай ерекше фотокөрме өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Астана қаласының мемлекеттік архиві жүйелі түрде музейлер мен архивтер, кітапханалар қорынан, жеке тұлғалардың архивтерінен Астананың өткен тарихына қатысты құнды деректермен қатар тарихи фотосуреттерді жинастырып, оны пайдалану, жариялау бағытында жұмыс жүргізіп келеді. Қазіргі уақытта Архив қорында 2000-ға жуық фото, 37 дыбысжазба, 56 бейнежазба сақталуда. Ақмола өңірінің тарихына қатысты маңызды дереккөздердің бірі фотограф Константин Павлович Шаховтың түсірген фотосуреттері ерекше орын алады. Ескі Ақмоланың әкімшілік ғимараттары, мешіттері, шіркеулері, ақмолалықтардың бейнелері әдемі сурет болып көрермендерімен қауышты.

Елорданың қалыптасуының қазіргі кезеңі Қазақстан Республикасының астанасын Алматыдан Ақмолаға көшірумен және негізгі тарихи құжаттар – ел астанасын көшіру туралы ҚР Президентінің Жарлығымен және Ақмола қаласының атауын Астана қаласы деп өзгерту туралы құнды құжаттар ұсынылған. Жаңа астананың құрылыс кезеңдері мен тәуелсіз Қазақстан дәуірін сипаттайтын құнды фотосуреттер де бар.

Көрменің ашылу салтанатында сөйлеген Астана қаласының мемлекеттік архивінің басшысы Жангелді Бимолдиннің айтуынша, көне құжаттардың сақталып, оны қоғам игілігіне жеткізудің барлық мүмкіндігі бар. Ол өз сөзінде астаналықтар мен қала қонақтарының мереке қарсаңында ашылған фото-көрме елордамыздың өткені мен бүгінін, келер болашағын насихаттайтын шара ретінде маңызды екенін айтты.

​​​​​​​

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -