Атырауда рейдтік іс-шаралар жүргізілуде

3366
Фотосурет: Gov

Бүгінгі күні ТЖД құтқарушылары полиция қызметкерлерімен бірлесіп азаматтардың судағы қауіпсіздік талапатрын бұзуына жол бермеу жөнінде іс-шараларды жалғастырып жатыр. Ата–аналар балаларын қарамағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес жауапкершілікке тартылуда, жыл басынан 8 ата-анаға айыппұл салынды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Су айдындарында рейдтік іс-шаралар күнделікті ұйымдастырылып, жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап құтқарушылармен 500 астам рейд жүргізіліп, 9 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атырау қаласында 24 участкідегі рейдтік жұмыстарға күнделікті 100 жуық  қызметкер, ал облыс аудандарында 20 астам құтқарушы рейдтік іс-шараға қатысуда. 

ТЖД өңірде шомылу маусымы ашық емес екенін еске салады! Ата-аналар балаларыңызға суға түсу қауіпті екенін түсіндіріңіз және қараусыз қалдырмаңыз!

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -